«Құстар қайтып барады» әні қалай шыққан?

«Жадымда қалған сол әуен» хабарында қазақ музыка мәдениетіне өшпес із қалдырған күйші-композитор, дирижер, мемлекеттік сыйлықтың иегері, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар қайтып барады» әнінің тарихы айтылды.
«Құстар қайтып барады» әні композитордың ерекше туындысы. Ол әнде бүкіл тіршілік біткеннің тағдыры жатқан секілді. Адамның мұңы, қайғысы мен қуанышы бір әнге сиып тұр.
Нұрғиса Тілендиевтің жанына жақын тартып, ерекше санаған «Құстар қайтып барады» әні қалай өмірге келді? Бағдарламаның аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.