Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Игерілмей жатқан 5 миллион гектар жер мемлекет иелігіне қайтарылмақ

Игерілмей жатқан 5 миллион гектар жер мемлекет иелігіне қайтарылмақ

2021 жылы 1,3 млн га жер қайтарылса, биыл бұл көрсеткіш 4 есеге ұлғайтылады. Биыл кемінде 5 млн гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылады.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жер қатынастарын цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, онда ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланудың ғарыштық мониторингі және оларды цифрландыру мәселелері қаралды. Баяндама жасаған ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қазір «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ базасында ауыл шаруашылығы жерлеріне ғарыштық мониторинг жасаудың жетілдірілген нұсқасын енгізу пысықталып жатқанын хабарлады.

  • «Жер инспекторының кабинеті» жасалды, ол әр жерден алынған деректерді талдап, жер учаскесін ұтымсыз пайдалану белгілерін анықтауға және осындай фактілерге жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Бұл платформа 2022 жылдың жазында іске қосылады.
  • Мемлекеттік бақылау әдістерінің пысықталуын ескере отырып, биыл мемлекетке қайтарылған пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерінің ауданын өткен жылмен салыстырғанда 4 есеге ұлғайту жоспарлануда: 2021 жылы 1,3 млн га қайтарылды, 2022 жылы кемінде 5 млн га қайтару жоспарда бар.

Сонымен қатар министр ауыл шаруашылығы жерлерінің барлығын цифрландыру аяқталғаннан кейін ғарыштық мониторингтің тиімділігі жақсаратынын атап өтті. Бұл процесті 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Премьер-Министр айтылған тәсілдерді қолдап, осы бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырды.