Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Импорттық азық-түлік өнімдерін 100% отандық тауарлармен алмастыру іске асырылады

Импорттық азық-түлік өнімдерін 100% отандық тауарлармен алмастыру іске асырылады

Елімізде импортталатын азық-түлік тауарларын 100% отандық тауарлармен алмастыру іске асырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

«Қазіргі кезде 80%-ы деңгейінде өзімізді-өзіміз қамтамасыз ету мүмкіндігі бар. Өнімдердің 20% ғана сырттан әкелуге мәжбүрміз. Болашақта бағдарламада 2025 жылға дейін өнімнің алты түрін толықтай жабуға мүмкіндік болады. Тек қант қана 80% деңгейінде қалады, қалған басқа елдерден тәкелді болып отырған тауарлардың бәрін жүзеге асыру барысында 100% деңгейге шығарамыз. Бұл ең үлкен жобалардың бірі. Сондықтан импорттық тәуелділікті болашақта жою үшін 900 инвестициялық жоба іске асырылатын болады», - деді Үкімет басшысының орынбасары.