Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елордада биыл 100-ге жуық көше жолдары салынады

Елордада биыл 100-ге жуық көше жолдары салынады

Отандық энергетика жүйесінің даму перспективасы «Қазақстанның 2035 жылға дейінгі энергетикалық балансы» деп аталатын құжатта көрсетілген. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты. «Энергетика саласын дамытудың ұзақмерзімді стратегиясын әзірлеу бойынша министрлік 24 наурызда маневрлік қуат пен жаңартылатын энергия көздерінің санын ұлғайтуды көздейтін, сондай-ақ көрші елдердің энергетикалық жүйесінің дамуын ескеретін «Қазақстан Республикасының 2035 жылға дейінгі энергетикалық балансын» бекітті», - дейді Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында. Оның айтуынша, энергобаланс ішкі және сыртқы факторларды ескере отырып, Қазақстанның энергия жүйесін перспективалық дамыту бойынша концепциялық көзқарас қалыптасады, энергия жүйесінің тұрақты жұмыс істеуі үшін қажет орта және ұзақмерзімді шаралар әзірленеді.

*****
Цифрлық сауатты арттыру және балалар мен студент жастардың қаржылық білім алуына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов айтты. Оның мәліметінше, биыл мектептерде интернет-алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл тақырыбында дәрістер басталған. «Fingramota.kz сайтының баннері және «FinIQ» бағдарламасының 38 бейнеролигі мен 14 шығарылымы көрсетіледі»,- дейді ол. Айта кетейік, аталған жоба аясында FinGramota.kz  сәуір айынан  бастап қазақстандық мектептер мен ЖОО-ларда қаржы сауаты бойынша апталық өткізді.
*****
Биыл астанада 100-ге жуық көше жолдары салынып, тағы бірнешеуі жөнделеді. Бұл туралы өзінің  әлеуметтік желідегі парақшасында елорда әкімі Алтай Көлгінов жазды. «Күн жылынған сәттен бастап мамандар жол жөндеу жұмыстарына кірісті. Олар орташа жөндеу жұмыстарын да, құрылысты да жүргізеді. Бұл жұмыс қаланың барлық ауданында қолға алынды, елді мекендер толық қамтылды. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар салу жұмысатры жүріп жатыр. Дегенмен тұтас жобалар да бар. Онда ең алдымен инженерлік желілері салынуы қажет, содан кейін ғана жол салынады. Ал оған дейін уақытша жол төселеді. Биыл 100-ге жуық көше жолдарын салу және жөндеу жоспарланып отыр. Соңғы жылдары жөнделген және салынған жолдар саны 300-ге жетті.».-деп жазды шаһар басшысы.
*****
Ел астанасында шыбын-шіркейге қарсы дезинсекция жұмыстары жүргізіліп  жатыр. Мамандар қаланың саябақтарын, бос аумақтарды арнайы ерітіндімен өңдеді. Өңдеу жұмыстарының нәтижесінде  шыбын-шіркейлер мен  масалар азайады. «Қазіргі уақытта қаланың ішкі аумақтарын өңдеп жатырмыз. Бұл жұмысқа 150-ден аса маман, 4 дезмашина жұмылдырылды. Сол сияқты термогенераторлармен жұмыс істейтін 4 бригада болады. Қаламызды 150 учаскеге бөлдік. Сол учаскелерде 10 бригада жұмыс істейді. Биыл E-Knot қосымшасымен қала тұрғындарын қаланың қай тұсы қай уақытта өңделетіні ескертіледі.
*****
Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен С.Рахимов көшесінде жол жөндеп жатыр. Жөндеу  жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 7 мамырға дейін С.Рахимов көшесіндегі Ғұмар Қараш көшесінен Кенесары көшесіне дейінгі бөлігі көлік қозғалысы үшін ішінара жабылады.