Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елордада бүлдіршінді құтқарған Сәбит Шонтақбаевқа үш бөлмелі пәтер берілді

Елордада бүлдіршінді құтқарған Сәбит Шонтақбаевқа үш бөлмелі пәтер берілді

Қазақстан - түркиялық дрондарды шығаратын алғашқы шет ел атанбақ. Анкарада қос ел арасында әскери-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжаттық келісімге сәйкес, «Kazakhstan Engineering» еншілес компаниясының базасында ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыру желісі ұйымдастырылады. Келісім аясында құрылғыны бірлесіп өндіру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін технологияларды беру мен персоналды оқыту жағы қарастырылады.  Айта кетейік, кеше Президенттің Түркияға сапары аяқталды. Сапар барысында Қазақ-түрік кәсіпкерлері 30 бірдей коммерциялық құжатқа қол қойды.

*****

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірге Сыр өңіріне барды. Жұмыс сапары аясында аймақ активі мен зиялы қауым өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері және жастармен кездесу өткізді. Онда Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен алдағы жалпыхалықтық референдумға қатысты көппен ашық ой-пікір алмасып,  ұсыныстар ортаға салынды. Аймақтың зиялы қауым өкілдері де алдағы жалпыхалықтық референдумнан ел үлкен үміт күтіп отырғанын жеткізді.

*****

Алматыда су тасқыны салдарын жою үшін жедел штаб құрылып, жұмыс жасауда. Жаңбыр жауа бастаған уақыттан бері «112» желісіне 70 шақырту түсті. Қалалық әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, мегаполисте жаңбыр мен дауыл салдарынан 19 ағаш құлады. 1 автокөлік пен 1 үй зардап шекті. Қазір Қазселденқорғау бақылау гидро бекеттерінде бақылау күшейтілді. Синоптиктердің болжауынша, Алматыда жаңбыр алдағы үш тәулік үзіліспен жауады.

*****

Маңғыстауда үйлерін су басқан отбасыларға бір реттік қаржылай көмек беріледі. Бірақ оның көлемі комиссияның шешімімен анықталады. Толассыз жауған нөсер жауыннан әсіресе, Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданының тұрғындары зардап шекті. Барлығы 50 ге жуық үйді су басты. Мұнайлы ауданында 116 көше мен 100 ден аса үйдің ауласына су жиналды. Өкінішке қарай, Батыр ауылында бір үйдің 2 баласы құдаққа жиналған жаңбыр суына түсіп, қайтыс болды.  Су сору жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.   Су кірген үйлердің бәрін қарау жұмыстары жүргізілуде. Және осыған байланысты комиссмиямен акт жасалып,  кейін аудан көлемінде шешім қабылданады.
*****

Қостанайда өрттен зардап шеккен отбасылар саны бүгін 15-ке жетті. Жергілікті тұрғындар мен мекемелер оларға көмек қолын созуға ниетті. Осы мақсатта арнайы шот ашылды. Өрттен бүлінген мүліктің құнын анықтау бойынша құрамына тәуелсіз сарапшылар тартылған жедел комиссия жұмыс істеп жатыр. Комиссияның қорытындысы негізінде шығынды өтеу сомасы нақтыланады.   Алғашқы көмек ретінде әр отбасына 200 мың теңгеден берілді. Сондай-ақ, қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен зардап шеккен отбасылардың әрқайсысына 70 АЕК көлемінде бір реттік жәрдемақы бөлінеді.
*****

Елордада бүлдіршінді құтқарған Сәбит Шонтақбаевқа үш бөлмелі пәтер берілді.  8-қабатта терезеден салбырап тұрған баланы құтқарған сәті кешеден бері   әлеуметтік желіге тарап, көпшілік тәнті болды. Сәбит Шонтақбаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің қабылдауында да болып үлгерді. Содан кейін оған елордадан үш бөлмелі пәтер берілді. Қалалық әкімдік азаматты Локомотив зауытына жұмысқа тұрғызып,  отбасына да  тиісті көмек көрсетпек.  Сондай-ақ кеше Сәбит ТЖМ-нің «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Ержүрек жігіттің әке-шешесі Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты Аққұм ауылында тұрады. Аудан басшылары ауылға арнайы барып,  осындай ержүрек азаматты тәрбиелеп өсіргені үшін Сәбит Шонтақбаевтың ата-анасына құрмет көрсетті.