Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Марат ИМАНБЕРГЕН: Киносуретші - ең әмбебап маман

Марат ИМАНБЕРГЕН: Киносуретші - ең әмбебап маман

Бұл бейсенбідегі "FILMFAN" бағдарламасы киносуретші мен кинооператор мамандықтардың арналды. Қазақ Ұлттық өнер университетінің ұстаздары Талғат Тайшан, Марат Иманберген және студент Әлішер Сәбит қатысқан хабарда бұл мамандардың киноиндустриядағы алар орнының маңыздылығы сөз етілді.

    Кино режиссер,  сценарист, продюсер,  актерлер эфирге жиі шақырылады. Олар турады халық та хабардар. Бірақ киносуретшінің нақты не істейтінін ешкім басып айта алмайды. Картинаға оқиға атмосферасын жасап, шынайы өмірді көз алдыңызға әкететін, декорация мен эскиздерді жасайтын дәл осы - киносуретші. ҚазҰӨУ ұстазы, киносуретші Марат Иманбергеннің айтуынша, "кинода  мынаны суретші жасапты деп көрермен білмеген жағдайда, киносуретші жұмысының ойдағыдай шыққаны",- дейді. Демек, суретшінің еңбегінде акцент жасалып, сурет салынғаны білінбеуі керек. Барлығы өмірдегідей шынайы болу керек.
     

Ал осы мамандықта 3 курста оқитын Әлішердің бұған дейін 9 жылдық суретшілік білімі болған. Мектепте, колледж де оқыған. Бейнелеу өнерінің барлық мамандықтарын саралай келе осыған тоқталған. "Себебі, бейнелеу өнерінің барлық мамандықтарында кездесетін білім мен тәжірибені алып шығатын киносуретшілік - әмбебап мамандық",- дейді ұстазы Марат Иманберген.

    Бұл мамандық осыдан үш жыл бұрын 2019 жылы елімізде тұңғыш рет ашылған.

     Ал кино және телеоператорларды тәрбиелеп жүрген Талғат мырзаның пікірінше, шалғайда ғы балалар киноның мұндай түрлі мамандықтарының барын білмейді. Сол себепті ауыл балаларына арагідік дәріс беріп, опеаторлықтың қыр-қырын көрсетіп жүр. Жуырда Орал қаласындағы мектеп оқушыларының шақыртуымен факультет ұстаздарымен барып, шеберлік сағаттарын көрсетпекші. Қазіргі шәкірттерге елімізге, нарықта қандай мамандар қажет екенін танытып, көрсететін профориентолог мамандар да бар екенін тілге тиек етті.

Бағдарламаның толық нұсқасын төмендегі аудиодан тыңдай аласыз.