Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қостанай - 105,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тәулік тынысы 18.05.2022

Тәулік тынысы 18.05.2022

Ауыл мектептерінің түлектері үшін ЖОО-на квота 35% дейін ұлғайтылады. Ал, әлеуметтік осал отбасы балалары үшін мамандандырылған мектептерге түсуге жаңа 15%-дық квота енгізу туралы шешім қабылданған. «Енді осындай отбасылардан шыққан 2 мыңнан астам бала жаңа квота бойынша БИЛ, Дарын және басқа мектептерге оқуға түсе алады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 15%-дың көп еместігін алға тартып, сол себепті мамандандырылған оқу орындары басшыларына мектептердің нәтижелеріне әсер етеді деп алаңдауға негіз жоқтығын айтты. Керісінше, жоғары академиялық жетістіктері бар балалармен қарым-қатынас өзге оқушыларға оң әсер етіп, олардың білімдерін шыңдауына септігін тигізеді.  

*****

Елімізде «Цифрлық репетитор» жобасы іске асады. Жаңашылдықтың мақсаты - әлеуметтік осал отбасыдан шыққан балалар, яғни 500 мыңға жуық оқушы апта сайын тегін математика, тіл немесе жаратылыстану пәндерінен кемінде 3 қосымша сабақ ала алады. Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан халқы» қорынан осы жобаны қаржыландыруға қолдау көрсетуді сұраған. Ал, колледждер бойынша биыл республикалық бюджеттен қосымша 45 мың грант бөлінді. Болашақта Жоғары оқу орындарына мемлекеттен берілетін гранттың 15 проценті халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға беріледі.

*****

Референдумда халық Ата заңға өзгерістер енгізуді қолдап дауыс берсе, Конституциялық кеңестің орнына Конституциялық Сот институты құрылады. Бұл құқықтық институт азаматтарға өз құқығын қорғау саласында мүмкіндіктер береді, - дейді «Конституциялық кеңестің аппарат басшысы Бақыт Нұрмұханов.

*****

Елордада 349 референдум учаскесі бар. Барлық учаскелер  тексерілді. Қатесі бар актілер анықталып, кемшіліктер жойылды. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының отырысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы Рақымжан Исақұлов атап өтті. Референдум учаскелерінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнінде проблемалық мәселе жоқ. Осыған дейінгі сайлау тәжірибесін ескере отырып, дауыс беру учаскесіне келе алмаған азаматтарға арналған жылжымалы сайлау учаскесі енгізіледі. 19 836 мүмкіндігі шектеулі жан жылжымалы сайлау учаскесі арқылы дауыс береді. Барлық ауданда сайлаушыларды тексеру үшін бірыңғай байланыс орталықтары жұмыс істейді.

*****

Шетелдік мультфильм кейіпкерлері енді қазақша сөйлейді. Әлемге танымал Тижи және Никладеон мульфильм арналарында қазақ тілді контент қосылды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров айтты. Оның айтуынша, Тижиді әлемнің 20 елі, Никаледионды 180 елдің бүлдіршіні тамашалайды.
*****

Биыл Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің құрылғанына – 30 жыл. Осыған орай Түркістан қаласында Кеңестің 84-отырысы өтті. Оған Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан мен Түрікменстан – шекаралық ведомстволарының делегациялары қатысты. Отырысқа ТМД-ның өзара іс-қимыл жасайтын органдары мен өзге де терроризм мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес ұйымдарының өкілдері шақырылды. Делегаттар ТМД-ға мүше мемлекеттердің шекараларын қорғауды ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылады. Аталған елдердің шекарашылары есірткі мен қару-жарақты заңсыз тасымалдау және көші-қонға қатысты оқу-жаттығуларын бірлесіп өткізуге келісті.

*****

Брюссельде Орталық Азия елдері мен Еуроодақ арасындығы жоғары деңгейдегі саяси және қауіпсіздік диалогының 9-отырысы өтті. Басқосуда қазіргі күрделі кезеңде өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды». Форум аясында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Еуропалық сыртқы әрекет қызметі мен Еуропалық парламент өкілдерімен кездесті. Олар Еуразиядағы күрделі әскери-саяси жағдайындағы өңірлік, жаһандық және азық-түлік қауіпсіздігінің жаңа қатерлерін талқылады. Әсіресе экономика саласындағы көлік-логистикалық серіктестігімізді дамытып, Еуропаға әртүрлі жолдармен Ресей, Каспий, Кавказ арқылы Орталық Азия елдері мен Қытайдан тауарларды жеткізуге барынша кең мүмкіндіктер беру ұсыныстары қаралды.

*****

Ұлытаудағы Жошы хан тарихи-мәдени кешені аумағынан «Алаш» деп аталатын этноауыл ашылды. Мұнда ұлттық ойындарымызды насихаттап, атқа міну мәдениетін дәріптеуге басымдық берілген. Тұлпарды тізгіндеп, тауда серуен құруға болады. Қазір этноауылға келетіндердің қатары күн санап артып келе жатыр, - дейді ұйымдастырушылар. Жақында Моңғолия мен Канада елінен саяхатшылар барған. Туристер арнайы жасақталған орында садақ атып, мергендік қабілетін сынай алады. Ал жастар алтыбақанда тербеліп, асық ойнайды.