Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Алдағы референдум – бұл халық билігінің жарқын көрінісі

Алдағы референдум – бұл халық билігінің жарқын көрінісі

Премьер-министр Әлихан Смайылов Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысын өткізді. Онда Кеңестің 34-пленарлық басқосуына дайындық барысы және инвесторлардың елімізде бизнес жүргізуіне қатысты өзекті мәселелер қаралды. Отырысты ашқан премьер Үкімет шетелдік инвестициялардың ағынын сақтау және ұлғайту үшін кешенді шаралар қабылдап жатқанын атап өтті. Өткен жылы елімізде 3 миллиард 600 миллион долларға 44 жаңа инвестициялық жоба іске қосылған. Енді инвестициялық тартымдылықты одан әрі арттыру мақсатында 2026 жылға дейінгі жаңа тұжырымдама әзірленді.

*****

Сенат депутаттары Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесті. Сенаторлар кездесуге қатысушыларға еліміздің Негізгі Заңына енгізуге ұсынылған түзетулер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. «Алдағы референдум – бұл халық билігінің жарқын көрінісі, әрбір қазақстандық өзінің азаматтық ұстанымын білдіру арқылы жаңа Қазақстанды құруға қосқан нақты үлесін көрсетеді», - деп атап өтті сенатор Әли Бектаев. Оқытушылар мен студенттер кездесу барысында жастардың жұмыссыздығы, жатақхананың жетіспеуі, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және оны мемлекеттік органдарда пайдалануға қатысты өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Депутаттар кездесуден кейін жоғарғы оқу орнының материалдық-техникалық базасымен және студенттерді оқыту процесімен танысты.

*****

Утилизациялық алымды 14 мамырдан кейін ескі мөлшерлеме бойынша төлеген азаматтардың артық сомасын қайтарып алуға мүмкіндігі бар. «Жасыл даму» компаниясы өтініш қабылдауды бастады. Ол үшін E-otinish электрондық жүйесі арқылы цифрлық қолтаңбамен есепшот реквизиттерін көрсету маңызды. Құжаттарды утилизациялық алым бойынша операторға офлайн өткізуге де болады. Толық ақпаратты 64-81-00 байланыс нөмірі арқылы анықтау қажет. Артық ақшаны алу туралы өтініштер 3 күн ішінде қаралады. Еске салайық, 14 мамырдан бастап утиль алымның мөлшерлемесі 50%-ға төмендетілген. Сондықтан бұрынғы мөлшермен төлеген тұрғындарға «Жасыл даму» қайта есептеу жүргізуге міндетті.

*****

Халықаралық жасыл технология және инвестициялық жобалар орталығы акциялары мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұған қатысты үкімет тиісті қаулы қабылдады. Құжатта «коммерциялық емес акционерлік қоғам акцияларының 50 пайызымен тағы 1 акциясын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын» делінген. Бұл орталық 2018 жылы сәуірде экономиканың бәсекеге қабілеттін, қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге бағытталған жасыл технологияны ілгерілету және бизнесті қолдау мақсатында құрылған. Енді оның акциялар пакетінің 100%-ы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басқаруымен мемлекет меншігінде болады.

*****

Алматыда қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан төрт адам сотталды. Әуезов аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай қылмыс төтенше жағдай кезінде жасалғандықтан бекітілген жаза да ауыр болады. Ресми мәліметтерге сәйкес олар қарақшылық шабуылға араласқан. Айта кету керек Алматы сотында барлығы 287 тұлғаға қатысты 188 іс қаралды. Оның ішінде 24 айыпталушы бас бостандығынан айырылса, қалғандарына бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Кейбір іс тараптардың татуласуына байланысты жабылса, кейбірі прокурорларға қайтарылды.