Атом электр станциясы салынатын жерде зерттеу жұмыстары басталды

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 3 жыл ішінде басқару блогын жаңа кадрлармен толықтырудың тиімді арналарының біріне айналды. Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин телеграм каналында осындай пікір білдірді. «Осы уақыт ішінде Ұлттық кеңестің 10 мүшесі Парламент депутаты және 2 өкілі министр болды. Ұлттық кеңестің тағы бір мүшесі – Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды. Саясат Нұрбек – ғылым және жоғары білім министрі. Бұл тағайындаулар қоғамдық және сарапшылар ортасынан басқарушылардың жаңа толқыны келе бастағанын көрсетеді», - деп жазды Ерлан Қарин.
*****
Мемлекет басшысының екі министрлік, яғни Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігін құру туралы шешімі жүйені одан әрі дамыту үшін өте маңызды. Кешеден бері оқу-ағарту министрі болған Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында ой бөлісті. «Сонымен қатар, бұл шешім Президенттің саланы дамыту бойынша алға қойған нақты міндеттерін тиімді орындауға мүмкіндік береді. Жоғары білім мен ғылым саласында қазірдің өзінде қол жеткізілген нәтижелер кадрлар даярлау және ғылыми өндірісті дамыту үшін жаңа, зор мақсат-міндеттер қоюға септігін тигізеді. Бұл реформа осы бағыттардың дамуына тың серпін береді. Сондай-ақ, жоғары көрсеткіштер екі министрліктің тығыз ынтымақтастығына байланысты болады,-деген министр педагогтерге қолдау көрсетіп, бірлесіп атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.*****
Атом электр станциясы салынатын жерде зерттеу жұмыстары басталды. Бұған дейін энергетика министрі Болат Ақшолақов станция Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылы маңында салынатынын айтқан еді. Оның сөзінше, Балқаш көлінің ауданы геология, су ресурстары және климаттық жағдайларды ескере отырып таңдалған. Енді жыл соңына дейін станса құрылысына қатысты бірқатар зерттеулер жүргізіледі. Олар геологиямен, сумен, экологиямен байланысты. Қазір түрлі технология қарастырылып жатыр. Оның ішінде франциялық, ресейлік, жапондық, қытайлық, оңтүстіккореялық реакторлар бар. Бірақ әзірге жоба құны белгісіз. *****
Қызылорда облысында биыл тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне 120 арыз-шағым түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 есеге көп. Арыз-шағымның көбісі тұрмыстық қызмет, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, қоғамдық тамақтану, бөлшек сауда саласына қатысты болып отыр. Құзырлы органга түскен өтініштердің 76-сына жауап берілген. Сондай-ақ, 22-сіне түсіндіру жұмысы жүргізіліп, 21-і басқа мемлекеттік органға жолданған. Нәтижесінде тұтынушыларға тиісті қаражаттар қайтарылған.*****
Алматы қаласында серозды менингитке шалдығу төрт есеге өсті. Энтеровирустық инфекциялармен жапа шегушілердің көбісі 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар арасында жиі кездеседі. Биылдың өзінде серозды менингиттің 157 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19 % - ға артық. Оның басым бөлігі оқушылар арасында байқалып отыр.*****
Қытай астанасының билігі COVID-19-ға байланысты шектеулерді қайта енгізуде. Індет елдегі халық тығыз орналасқан Чаоян ауданынан анықталған. Бейжің қалалық денсаулық сақтау комитеті коронавирус жұқтырудың бір тәулікте 100-ден астам жаңа жағдайы тіркелгенін хабарлады. Індетке шалдыққан адамдар вирусты Чаояндағы жергілікті түнгі барлардың бірінен жұқтырғаны белгілі болды. Сонымен бірге, сол барға барып, ковид жұқтырған науқастар осы аптада Қытай елордасының басқа 13 ауданынан анықталған. COVID-19 індетіне байланысты Бейжің билігі ертеңнен бастап мектептерде сабақты оффлайн режимге ауыстыруды шешті. Жаңа ережеге сәйкес, қала мектептеріндегі бастауыш және орта мектеп оқушылары қашықтан білім алуды жалғастырады.