Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тәулік тынысы 21.06.22

Тәулік тынысы 21.06.22

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі Тамим бен Хамад Әл Тәнидің жеке шақыруымен «Жаһандық экономиканы қалыпқа келтіруде теңдікке қол жеткізу» тақырыбындағы екінші Қатар экономикалық форумының ашылу рәсіміне қатысты. Форум «Мемлекеттердің экономикалық дағдарыстан шығу мәселесі» тақырыбына арналған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев In Conversation with President Tokayev атты арнайы панельдік сессияға қатысады деп жоспарланған. Қатар экономикалық форумының қорытындысы бойынша жаһандық өсімнің келесі кезеңінің жоспары әзірленіп, пандемиядан кейінгі әлемді қалыптастыру үшін нақты шешімдер ұсынылмақ.

***

Биыл елде үйірлі шегіртке 997 мың гектар алаңда таралған. Бұл туралы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс брифингте айтты. Оның сөзінше Шегірткелермен күреске респ-лық бюджеттен 1,9 млрд тенге бөлінді.

***

Әкімдіктермен және су маңындағы демалыс орындарының иелерімен бірлесіп министрліктің жедел-құтқару жасақтарында даярлықтан өткен қоғамдық ұтқарушылар есебінен 377 объектілік құтқару бекеті жабдықталады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов айтты.

***

Ел астанасында Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның құрылу тарихынан сыр шертетін көрме ашылды. Жыл сайын 23 маусым елімізде ішкі істер ргандары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде аталып өтіледі. «көрме еліміздің ішкі істер органдарының құрылу, қалыптасу және бүгінге дейінгі тарихынан абардар етеді», - дейді Ішкі істер органдары және ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков. Қарулы күштердің әскери-тарихи ражайында ашылған көрмеге сала қызметкерлерінің наградалары мен қызметтік формалары да қойылған.