Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың үш құндылығын атады

Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың үш құндылығын атады

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин youtube каналында Ұлттық құрылтай негізге алатын үш құндылықты атады. Олар бірқатар идеологиялық тұжырымды қамтиды. «Бірінші ой - біздің мемлекеттігіміздің тарихы тым тереңде. Алтын Ордадан бастау алып, Қазақ хандығы дәуірінде қалыптасты. Алаш Орда кезеңінде жалғасып, тәуелсіз Қазақстан тұсында қайта жаңғырды», дейді мемлекеттік кеңесші. Екінші ой – ұлтты ұйысуға үндеу. Құрылтайдың бірінші отырысы Ұлытауда өтті. Екінші жиын Түркістанда болады. Мұнда барша халықты бірлікке шақырған идеологиялық ой бар.

Ерлан Қарин келелі жиын ел бірлігін көрсеткен жалпыхалықтық референдумнан кейін өткендігін де атап өтті.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:


«Үшінші ой – мемлекет мүддесі бәрінен биік. Республика күнін қайта жаңғыртып, оған ұлттық мереке мәртебесінің берілуі – Тәуелсіздік идеясы мен мемлекеттік құндылықтарды берік орнықтыра түсуге бағытталған. Осы үш құндылық, атап айтқанда біздің мемелкетіміздің тарихи тамыры тереңде екенін таныту, ұлтты ұйысуға үндеу, мемлкет мүддесін бәрінен биік қою жаңа қоғамдық шартты қалыптастыру кезінде біздің ең басты бағдарымыз болады».




Дереккөз: qazaqstan.tv