Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сенаторлар медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелерін талқылады

Сенаторлар медициналық көмектің сапасын арттыру мәселелерін талқылады

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Ақмола облысының Аршалы кентінде көшпелі отырыс өткізді. Онда халыққа медициналық көмек көрсету сапасын арттыру, кадр саясаты және денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселелері талқыланды.

Комитет хатшысы Нариман Төреғалиевтің төрағалық етуімен өткен отырысқа сенаторлар, денсаулық сақтау министрінің орынбасары, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылығы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ Ақмола облысы денсаулық сақтау ұйымдары мен Аршалы аудандық орталық ауруханасының басшылары қатысты.

Сенаторлардың көшпелі отырысын өткізудің басты мақсаты – ауылдағы денсаулық сақтау жағдайымен, атап айтқанда, ауруханаларды кадрлармен қамтамасыз ету, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру, сондай-ақ жергілікті әкімдік тарапынан дәрігерлерді әлеуметтік қолдау шараларымен таныстыру болып табылады.

Нариман Төреғалиев өзінің сөзінде халық денсаулығы мәселелері Мемлекет басшысының ерекше бақылауында екеніне назар аударды. Сенатор сондай-ақ медицина қызметкерлерін әлеуметтік қорғау саласындағы бірқатар жүйелі проблемаларды, кадрлардың тапшылығын жою және ауыл халқы үшін көлік медицинасын одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.

«Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мен құқықтық қорғаудың тиімді жүйесін құруға бағытталған қосымша шаралар пакетін әзірлеп, қабылдауды тапсырды. Алайда, бұл тапсырмаларды орындау негізсіз кешіктіріліліп отыр. Бүгінгі таңда еліміз бойынша дәрігерлік мекемелердің штатында 7 072 маман жетіспей отыр. Мамандардың, әсіресе УДЗ мамандары, неонатологтар мен акушерлер жетіспейді. Өткен жылы 284 акушер-гинеколог жұмыстан босатылды. Жұмыстан шығу себебі – жалақының төмендігі», - деп атап өтті депутат.

Отырыс барысында салалық министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері де сөз сөйледі. Отырысқа қатысушылар сондай-ақ осы саладағы проблемаларды шешу жолдарын талқылады.





Сенаттың Баспасөз қызметі