Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Серік Қожаниязов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды

Серік Қожаниязов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Серік Салаватұлы Қожаниязов экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Серік Қожаниязов 1965 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Кузбасс политехникалық институтын, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1989 жылы жөндеу-механика зауытында инженер-технолог болып бастаған.

Әр жылдары жеке меншік секторында жұмыс істеген.

2001-2005 жылдары — Қызылорда облысы әкімі аппаратының индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі.

2005-2007 жылдары — Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры.

2007-2008 жылдары — Қызылорда қаласының әкімі.

2008-2014 жылдары ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2014-2019 жылдары — Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі.

2019 жылдан 2021 жылғы қаңтарға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

2021 жылғы қаңтардан қазіргі таңға дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі лауазымында болды.