Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Оқу-ағарту вице-министрі мұғалімдердің еңбек демалысының төлемдеріне қатысты түсініктеме берді

Оқу-ағарту вице-министрі мұғалімдердің еңбек демалысының төлемдеріне қатысты түсініктеме берді

ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаевтың еңбек демалысы төлемдерін төлеуге қатысты түсініктемесі.

Маусым айының басынан бастап әкімдіктер педагогтерге 246 млрд теңге көлемінде еңбек демалысы ақысын уақытылы аударды. Өңірлердің басым бөлігінде мұғалімдерге еңбек демалысы ақысы толық төленген.

Еңбек демалысы мен ай сайынғы еңбекақы жергілікті бюджет есебінен (әкімдіктер) төленетінін еске сала кетейік. Сонымен қатар талдау барысында министрлік бірқатар өңірде 28 млрд теңге көлеміндегі қаражат уақытылы аударылмағанын тіркеді. Мұның басты себебі - қаражаттың жетіспеушілігінен емес, керісінше жергілікті деңгейдегі жұмыстар мен рәсім мәселелеріне байланысты болып отыр.

Бұл мәселелер толығымен жергілікті білім басқармаларының құзыретіне жатады. Сондықтан мұндай мәлімдемелерге жауапкершілікпен қарап, кейбір мәселелердің қай мемлекеттік органдардың құзырында екенін ескеруді сұраймыз.

Мәселе министрліктің бақылауында тұр. Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік департаменттер білім беру саласы қызметкерлеріне ай сайынғы еңбекақыны уақытылы төлеуін бақылауды жалғастырады.