Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Украина мен Молдова Еуроодаққа үміткер елдер мәртебесін алды

Украина мен Молдова Еуроодаққа үміткер елдер мәртебесін алды

Еуропа одағының лидерлері Брюссельде өтіп жатқан саммитте Украина мен Молдоваға одақ құрамына кіруге кандидат мәртебесін берді. Мұны Еурокеңес төрағасы Шарль Мишель мәлімдеді. Ол қабылданған шешімді «тарихи сәт» деп сипаттап, Украина президенті Владимир Зеленский мен Молдова жетекшісі Майя Сандуға құттықтау жолдады. Осылайша екі посткеңестік елге Еуропа одағына жол ашылып отыр.

Ал Грузияға «еуропалық болашақ» уәде етілді. Тбилиси бірқатар реформаны жүзеге асырғанда ғана үміткерлік статусын алады.  



Дереккөз: qazaqstan.tv