Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тәулік тынысы 24.06.22

Тәулік тынысы 24.06.22

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Facebook парақшасында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының жоспары туралы баяндады. « Оқу-ғарту, Білім және жоғары білім министрлерімен бірге Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын атап өту барысын талқыладық. «Жыл басынан бері
Алаш ардақтысының бейнесін, есімін дәріптеу, ұлт жадында қалдыру мақсатындағы көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ секілді халықаралық ұйымдар аясында да бірқатар ғылыми-ағартушылық бағыттағы жиындар өткізу жоспарда бар» деді Мемлекеттік кеңесші. Айта кетейік, бүгін
Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің V отырысы болады. Соның шеңберінде Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналған конференция өтеді».

***

Елордада масаларға қарсы дезинсекциялық жұмыстың үшінші кезеңі басталды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мәліметіше, маусым басталғаннан бері оршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «Астаналық дезинфекция» ЖШС-мен бірлесіп аумақты өңдеу бойынша 2 тур өткізді. Масалар мен шіркейлердің жаппай көбеюін болдырмау мақсатында қаланың барлық ауданындағы жүзден астам таяз су қоймалары мен батпақты жерлер өңделді. «Үшінші кезең аясында ашық стацияларды өңдеу басталды», -деп жазды ведомстводан. Бұл дезинсекциялық іс-шаралар жәндіктердің санын азайтуға бағытталған. Жұмыстар түнгі уақытта – кеші сағат 9-дан, таңғы 04-ке дейін жүргізіледі.

***

Алматы облысының Кеген ауданында республикалық жол жиегін су шайып кетті. «Алматы облысының Кеген ауданында республикалық маңызы бар Көкпек - Кеген - Түп - Жалаңаш - Саты - Көлсай көлі жолының 10-11 шақырым аралығындағы жиекті нөсер жаңбыр шайып кетті. Аталған учаскеде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу мекемесі, аудан әкімшілігі, полиция қызметкерлері, тарапынан кезекшілік ұйымдастырылып, жол қозғалысы қалпына келтірілді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалпына келтіру жумыстары жүргізілуде»,- делінген Кеген ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

***

Қазақстандық «Барыс» командасының қатысуымен өтетін Құрлықтық хоккей лигасы ойындарының қашан басталатыны жарияланды. Құрлықтық хоккей игасының 15-ші маусымы 1 қыркүйекте басталады. Алғашқы кездесуде Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) және «Металлург» (Магнитогорск) командалары мұз айдынға 
шығады. Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты келер жылдың 26 ақпанына дейін созылады. Ал Гагарин кубогы 1 наурыз және 29 сәуір ралығында өтеді. Әрбір командаға тұрақты чемпионатта 68 ойыннан белгіленген.

***

Бүгін еліміздің бірнеше облысында қатты ыстық болады. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде айзағай ойнайды. Семей өңірінде қатты ыстық болады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі бар. Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Қызылорда облысында 40-44 градус аптап ыстық болады.. Төтенше өрт қаупі сақталады.