Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстандық гимнастшылар Азия чемпионатында жүлдегер атанды

Қазақстандық гимнастшылар Азия чемпионатында жүлдегер атанды

Тайландта көркем гимнастикадан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Командалық жарыста қазақстандық гимнаст, Азия чемпионы, Халықаралық спорт шеберлері - Айбота Ертайқызы 4-ші орынды, Эльжана Тәниева 7-ші орынды иеленді.


Жеке біріншіліктің финалында Эльжана 

Тәниева лентамен жаттығу жасауда үздік болып, алтын медальға ие болды.

Сондай-ақ, Эльжана булавамен өнер көрсетудің финалдық бәсекесінде күміс жүлдегер атанды.



Ал, Айбота Ертайқызы алғашқы екі күнде жарыстың 4 түрі бойынша өте жоғары нәтиже көрсетіп, 2-орыннан көрінді, соның нәтижесінде Қазақстан командасы күміс жүлдеге ие болды.

Айта кетерлігі, Айбота Ертайқызы көпсайыста Қытайлық гиманст қызбен тең дәрежеде өнер көрсетті, яғни, екеуінде де 118/30 бал. Дейтұрғанмен, Қытайлық спортшы 3-орынға, Айбота 4-орынға табан тіреді.