Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Сенаторлар отандық ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қолдау тетіктерін зерделеуде

Сенаторлар отандық ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қолдау тетіктерін зерделеуде

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары ауыл шаруашылығы саласындағы түйткілді мәселелерді зерделей келе, Ақмола облысының Степногорск қаласында орналасқан пестицидтер мен гербицидтер шығаратын ауыл шаруашылығы кәсіпорнында болды.

Сенаторлар бүгінгі таңда бұл саланы зерделеу және жергілікті тауар өндірушілерді заңнамалық тұрғыдан жан-жақты қолдау, сондай-ақ импорттаушылармен тең емес бәсекелестікті жою аса маңызды екенін атап өтті.

«Біз заңнама аясында өсімдік шаруашылығы саласындағы өзекті проблемалар мен мәселелерді зерделеу, сондай-ақ осы салаға салық салу туралы заңды қайта қарау қажет деген қорытындыға келдік. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке өндірушілерді қолдауға қатысты нақты тапсырмасы бар», – деді сенатор Ғұмар Дүйсембаев.

Сондай-ақ, сенаторларға жергілікті пестицидтер мен гербицидтерді өндіретін кәсіпорындарға өз қызметтерін бөліп төлеуге, сол арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жұмыс жағдайларын жеңілдетуге мүмкіндік бар екені айтылды.

Сапар барысында сенаторлар көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтті. Депутаттар мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетілсе, өндірістік қуаттары бар отандық өндірушілер алдағы 12 жылда өндіріс көлемін ұлғайтып, ішкі нарықты пестицидтермен 90 пайызға қамтамасыз ете алатынын атап өтті.  Мұндай серпіліс халықты жұмыспен қамтуды арттыруға, отандық ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік жұмыстарын күшейтуге, жаңа пестицидтік препараттарды жасауды жеделдетуге, сондай-ақ салық түсімдерін арттыруға мүмкіндік береді.





Сенаттың Баспасөз қызметі