Хорватия келер жылдан бастап еуроаймаққа қосылады

Сауда үстемесі 15 пайыздан аспауы керек. Бұл туралы Әлихан Смайылов ұлттық арнаға берген сұқбатында айтты. Қазір елде азық-түлік сататын әрбір орынның осы талапты сақтауына бақылау күшейтілді. Сондай-ақ жұртты өніммен қамтуда монополияға қарсы шаралар да қолға алынды. Қазіргі құбылмалы уақытта қымбатшылықты барынша тежеу үшін, өңірлерде тұрақтандыру қорларын құру маңызды. Қазір соған қаржы бөлініп жатыр. Бірақ түптеп келгенде ішкі нарықты реттемей, проблема шешілмейді, - дейді Премьер-министр.
*****
Сондай-ақ Үкңмет басшысы жаңадан құрылған Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарының дамуына қосымша серпін беру қажеттігін айтты. Оның атап өтуінше, аталған облыстарды ұйымдастыру жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. «Осы ұйымдастыру жұмыстары толығымен біткеннен кейін ғана олар арнаулы кешенді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын дайындап, Үкіметте бекітетін болады», - деді Әлихан Смайылов. *****
Елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 820 жағдай тіркелді. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, дертке шалдыққан науқастар саны Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында көп. *****
Әлемде маймыл шешегінің белең алуына байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Төтенше жағдай комитетінің отырысын қайта өткізуды ұйғарды, деп хабарлайды «Хабар 24». Тедрос Адханом Гебрейесустың айтуынша, онда ауру жайылып бара жатқан елдер үшін дертті алдын алуға қатысты тиісті медициналық ұсыныстар айтылады. Соңғы рет төтенше жағдай комитеті маусымның 23-і жиналған еді. Айта кетейік, бүгінде жаһанның 63 елінде маймыл шешегін жұқтырған 9200 науқас тіркелді. Таяуда қауіпті дертті жұқтырған алғашқы науқас Ресейде де анықталды.*****
Украинада қарулы қақтығыс басталғалы Еуроодақ елдері ресейлік олигархтардың 14 миллиард еуро болатын активін бұғаттаған, деп хабарлайды «Хабар 24». Шектеу көбіне үй мен яхталарға, сондай-ақ өзге де активтерге қатысты. Мамырдың соңында Еурокомиссия осы мәселе бойынша ережені қатаңдатуды ұсынған еді. Яғни санкция тізіміндегі олигархтар немесе өзге де азаматтар шектеуді айналып өтуге тырысса, бірден мүлкі тәркіленеді. Бұл ұсыныс кейін мақұлданған болатын.*****
Хорватия келер жылдан бастап еуроаймаққа қосылады. Жуырда еуропалық одақ мемлекеттерінің экономика министрлері тиісті шешім қабылдады. Осылайша Хорватия еуроны қолданатын 20-сыншы мемлекет атанды. Маусымның басында Еурокомиссия Хорватияның барлық талаптарға сай келетінін жариялаған болатын.