Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тәулік тынысы 26.07.2022

Тәулік тынысы 26.07.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартқа қол қою туралы» Жарлыққа қол қойды. Шартқа сәйкес, экстрадициялауға жататын қылмыстар деп, екі Уағдаласушы мемлекеттің ұлттық қылмыстық заңнамасына сәйкес қылмыстық жазаланатын және қылмыс жасағаны үшін кемінде бір жыл немесе одан да көп мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыстар жатады.

*****
Күзге таман  қант арзандайды. Бқл туралы  ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты.  « шілде, тамыз айларында қант бағасы жоғары болатын шығар. Одан кейін біртіндеп баға түсіп, нарықтағы ахуал қалыпқа түседі», – деді Ербол Қарашөкеев брифингте. Оның айтуынша, бұл болжам орындалуы үшін жергілікті әкімдіктер нарықты сауатты реттей алуы қажет. «Шілде айында елге әкелінетін, зауыт шығаратын қанттың көлемін есепке алсақ, айлық қажеттілікті 150 пайыз жабамыз. Тамызда бұл көрсеткіш 170 пайызға дейін жетеді», - деді министр.
*****
Жыл сайын адам саудасына қатысты  100-ге дейін сотқа дейінгі тергеу тіркеліп отыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті басшысының міндетін атқарушы Қанат Нұрмағамбетов айтты.   «2021 жылдың желтоқсан айында трансұлттық қылмыстық топтың 17 мүшесі түрлі мерзімге жазаға тартылды. Олар адам саудасымен айналысқан және адамдарды Бахрейн Корольдігіне жеткізіп отырған», - деді ол.  Оның атап өтуінше Елімізде  адам саудасында әйелдерді сексуалды мақсатта пайдалану түрі кеңінен тараған. Ал ер адамдарды мәжбүрлі түрде жұмысқа салады. Сонымен қатар, асырап алу үшін нәрестелер мен бүлдіршіндерді сату фактілері де анықталып жатыр», - деді Қанат Нұрмағамбетов.
*****
Адам құқықтары және заң үстемдігі туралы заң жобасын дайындау туралы шешім сәуір айында Үкіметпен қаралып, оң шешім қабылданды. Енді келер жылдың басында осы заң жобасы Үкімет қарауына беріліп, депутаттардың талқысына түседі. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова айтты.  Оның сөзінше , халықаралық тәжірибе бойынша мемлекеттердің көбі осындай заңды қабылдаған.  Бұл заң адам құқықтарын қорғау ғана емес, сонымен бірге профилактика және әлеуметтік сұрақтарға, проблемаларға байланысты деді Эльвира Әзімова.
*****
«Орташа жылдамдық» жүйесі жол ережесін бұзғандарды қалай анықтайды.  Бқл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев айтып берді.  «Бұл жүйені енгізу бойынша басқа заң органдарымен келісім жүргізіліп жатыр. Егер бұл жоба енгізілетін болса, ол тек үлкен тас жолдарда қолданылады, қала ішінде қолданылмайды», - деді Жандос Мұратәлиев.
*****
Жыл соңына дейін электросамокаттардың қозғалысына қатысты заң қабылданады.  Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев айтты.  «Біз мәселені үш жыл талқылай келе, заңнамалық негізде өзгерістер енгізуді, электросамокаттарға қойылатын стандарттарды бекіту шешімін қабалдадық. Стандарттар қабылданғаннан кейін жол қозғалысы туралы заңға, жол қозғалысы ережелеріне және Әкімшілік кодекске өзгерістер енгізетін боламыз», - деді Жандос Мұратәлиев.
*****
Азаматтарға арналған үкімет корпорациясының мәліметінше,  осы жылдың алты айында қазақстандықтарға 1 млн  353  мың  590 жеке куәлік пен паспорт берілді. Рәсімделген құжаттардың ең көбі маусым айында тіркелген, саны – 266  мыңнан асады. «Төлқұжат үшін мемлекеттік баж – 8 айлық есептік көрсеткіш  яғни  24  504 теңге. Қызмет көрсетудің стандартты мерзімі – 15 жұмыс күні. Алайда, қосымша төлем  жасап, бұл процесті жеделдетуге болады. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе тұрғындары процесті осы әдіс бойынша үш күннен бір жұмыс күніне дейін қысқарта алады. Құжат  бір күнде дайын болу үшін  қосымша -  5 мыңдай төленеді.
*****
Ел астанасындағы  «Сарыарқа» велотрегінде ерлер, әйелдер,  жастар мен жасөспірім ұлдар және қыздар арасында тректегі велоспорттан Қазақстан  чемпионаты өтіп жатыр. Додада  170-тен астам велошабандоз бақтарын сынайды.  Ұлттық чемпионат 30 шілдеге дейін жалғасады.