Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Маңғыстауда коронавирус жұқтырғандар саны артты

Маңғыстауда коронавирус жұқтырғандар саны артты

Маңғыстауда коронавирус жұқтырғандар саны 1,3 есе артты. Науқастардың арасында жеткіншектер мен жүкті әйелдер көп. 

Аймақта соңғы аптада вирус жұқтырған 211 адам анықталып, көрсеткіш 1,3 есе арқан. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиева мәлімдеді. Оның айтуынша алдыңғы аптада 155 жағдай тіркелген. Соңғы аптада короновирус инфекциясын жұқтырғандар 56 адамға көбейді. Ақтауда 95 жағдай тіркелді. Жалпы облыс бойынша шілде айында 465 адам КВИ жұқтырған. Олардың тең жартысының вакцина қабылдамағына белгілі болды.

Қазір Стационарда 19 адам ем алып жатыр, оның 7 жүкті әйел және 6 жеткеншек. Ауыр жағдайда жатқан науқастар жоқ.

Ауырғандардың көбі вакцина алмағандықтан мамандар тұрғындарды ревакциянация және вакцинациялау жұмыстарын қайтадан қолға алмақ. Сондай-ақ, дәрігерлер Короновирустың таралуының алдын алу үшін қоғамдық көліктерде, адамдар көп шоғырланатын жерлерде, жабық ғимараттарда бетперде тағу керектігін ескертеді.




Дереккөз: qazaqstan.tv