Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Рим Папасы Францискт Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Рим Папасы Францискт Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Сапардың бірінші күнінің бағдарламасында оның Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, сондай-ақ елімізде тіркелген шетелдік дипломатиялық корпус және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулері қарастырылған.

Бұған дейін хабарланғандай, Рим Папасы Франциск 2022 жылғы 13-15 қыркүйек аралығында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетінін жария етті.

Рим-католик шіркеуінің басшысы сапарының екінші күнінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің ашылуына және пленарлық отырысына, сондай-ақ кейбір басқа дін лидерлерімен бірқатар кездесулерге қатысады деп күтілуде.

Сонымен қатар, 14 қыркүйекте Рим Папасы Франциск мыңдаған католик дінін ұстанушылар, оның ішінде Қазақстан астанасына арнайы келетіндері үшін дұға (месса) өткізеді.

Сапардың соңғы күнінде ол Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жабылуына және оның қорытынды декларациясының қабылдануына қатысуды, сондай-ақ Рим-католик шіркеуінің Қазақстандағы және көрші елдерден келетін дін қызметкерлерімен, монахтарымен және семинаристерімен кездесуді жоспарлап отыр.

Естеріңізге салсақ, Рим-католик шіркеуі басшысының, атап айтқанда, Папа Иоанн Павел II-нің Қазақстанға тұңғыш сапары 2001 жылғы 22-25 қыркүйек аралығында өткен. Папа Франциск Қазақстан астанасында дәстүрлі түрде үш жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысуын растаған Рим-католик шіркеуінің бірінші басшысы.





Дереккөз: Ortcom.kz