Нұр-Сұлтан - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Абайлаңыз, алаяқ: Қаржы пирамидасы мен инфосығандар қаптап кетті

Абайлаңыз, алаяқ: Қаржы пирамидасы  мен инфосығандар қаптап кетті

Қазақ радиосының «Арнайы хабарында» күн санап қоғам дертіне айналып келе жатқан «қаржы пирамидасы  мен инфосығандар» мәселесі қозғалды. Бұл дегеніңіз әлеуметтік желідегі алаяқтық. Хабарға белгілі бизнес тәлімгер, заңгер Арман Ақбердиев және телефон арқылы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің аға тергеушісі, полиция майоры Жандар Болатбек қосылды.

Заң жүзінде алаяқтыққа балайтын, әлеуметтік желіде халық арасында «Инфосыған» деп аталатын ұғымға түсінік берген спикерлер адамдарды бұдан аулақ жүріп, таргет арқылы инстаграмм мен фейсбук арқылы жалт-жұлт етіп шығып тұратын жарнамалық «инвестиция салуға» шақыратын, псевдо компаниялардың атын жамылған компанияларға ақша салмау керектігін айтты.

«Қазіргі кезде әлеуметтік желі арқылы аляқтықпен айналысып, халықты арбап, алдап ақша жинағандарды 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға болады», - дейді полиция майоры Жандар Болатбек.

Сонымен қатар, халық арасында «инфосыған» деп аталған псевдо-тәлімгер, халықтан құнды қағаздарға қаржы салуды  жарнамалайтын, ірі компаниялардың атын жамылатын «псевдоброкерге» қатысты да әңгімелеп берді, Бұл салада осы бизнес айналасында жеңіл ақша табушылар мен адамдардың оңай олжа табуға құмарлығын пайдаланатындар жүреді екен.  

«Бай - бағлан болу» бүкіл адамның сұранысы. Ал сұраныс көп болған жерде ақша да көп. Яғни адамдарға «бай болуды» үйрету арқылы ақша табуға болады деп, сендіретін қаржы пирамидасы мен дертке шалдыққан адамдардың фотосын қойып, астына өз банк шоттарын тізіп жазатын алаяқтар құйтырқы іс - әрекеттерін күн санап дамытуда. Олар қарапайым адамның үміті мен арманынан ақша жасайды. Қалай болғанда да, қазіргі кезде оңай жерде олжа жоқ екенін радиотыңдаушылар білуі тиіс. Қазіргі таңда ФИШИНГ дегене ұғым пайда болды. Бұл да аляқтықтың бір түрі! ФИШИНГТІҢ құрбаны біздің елде соңғы жылдары 5 есе өскен. Бұндай алаяқтарды табу да қиын. Себебі, олар Ресейде, Украина, Турцияда, Африкада болуы мүмкін. Тағы бір желіде, әсересе, инстаграмм, фейсбукте көп кездесіп кеткен псевдожарнамалар шықты. Президенттен бастап, танымал миллардерлердің фтоларын, ірі мұнай компанияларының және банкттердің атын пайдаланып, инвестицияға болашағыңызға ақша құйыңыз, акция алыңыз деп алдайды.  «С групп», «Каспий инвест», «Сименс энерджи», «Профит», «Қазмұнайгаз», «Тесла медиа», «Халық инвест», «Мунай газ инвестмент»т.б деген ияқты тізім жалғаса береді.... Ең бастысы бұның барлығы  - өтірік жарнама! Толығырақ сұхбаттың аудионұсқасынан радиодағы сайтта сақталған мұрағаттан тыңдай аласыз. Бағдарламаны эфирге дайындап,жүргізген журналист Ләззат Тиышбекқызы.