Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ҚР СІМ: Тайвань ҚХР аумағының ажырамас бөлігі

ҚР СІМ: Тайвань ҚХР аумағының ажырамас бөлігі

ҚР СІМ бүгін Қазақстанның Тайваньға қатысты ресми ұстанымын жария етті. 

"Қазақстан Республикасы "Біртұтас Қытай" қағидатын қолдайды және Тайваньды Қытай Халық Республикасы аумағының ажырамас бөлігі деп санайды. Қазақстан халықаралық құқықтың қолданыстағы нормаларын және Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғысын сақтауды, соның ішінде осы мәселеде БҰҰ Бас Ассамблеясының 1971 жылғы №2758 қарарын ұстануды қолдайды. Шет елдердің ресми делегацияларының Тайваньға сапарлары ҚХР Үкіметімен келісілуі тиіс деп санаймын", - делінген хабарламада.