Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Тәулік тынысы 11.08.2022

Тәулік тынысы 11.08.2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Абдулла Шахидпен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Абдулла Шахидке ілтипат білдіре отырып, Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ықпалдастықты одан әрі кеңейту жолында оның бұл сапарының маңызды екенін атап өтті.    Президент жаһандық бейбітшілікті, қауіпсіздік және тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі Дүниежүзілік ұйымның айрықша рөлін атап өтті. Сонымен қатар Абдулла Шахидтің БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы лауазымындағы белсенді қызметін жоғары бағалады.    Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 13-15 қыркүйете елордамызда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жетінші съезі өтетініне тоқталып, Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауына алғысын жеткізді.    

*****
Елде  автоөндіріс 37% артты. Салаға құйылған инвестициялар да былтырға қарағанда 23 процентке ұлғайды. Премьер-министр Әлихан Смайылов отандық автоөндірісті қолдау шаралары кеңейтілетінін айтты. Үкімет үйінде өткен арнайы кеңесте қазақстандық машина жасау саласы мен өңдеу секторындағы кәсіпорындарды қолдау шаралары талқыланды. Әлихан Смайылов сатып алулар кезінде жергілікті үлесті ұлғайту мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті деп жазады 24.kz.
*****
Ертең магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталады. Ол 15 тамызға дейін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, оның ішінде виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы жүзеге асырылады. Барлығы 43 мыңнан астам адам магистратураға түсу үшін емтихан тапсырды. Олардың 42%-ы шекті балл жинады. Орташа көрсеткіш – 71 балл. Бір қатысушы максималды 150 балдың  140-ын жинады. Магистратурада оқуға арналған білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде беріледі.
*****
Елімізде жылқы етінің бағасы бір жылда 16,5 пайызға қымбаттаған.  Биылғы жартыжылдықта шаруашылықтарда сойылған және союға өткізілген жылқы етінің көлемі - 125 мың тоннаға жетті.  Шілде айында елдің базарлары мен дүкендерінде жылқы етінің келісі 2 900 теңгеден саудаланды. Ал, өткен жылы ет бағасы 16,5 пайызға төмен болған еді. Баға шарықтаған аймақтар қатарын Солтүстік Қазақстан облысы бастап тұр. Мұнда жылқы етінің құны 28,8 пайызға өскен. Сонымен қатар, Ақтөбе облысы мен Шымкент қаласында да баға көтерілген. Ең төменгі жылдық өсім Қызылорда облысында тіркелді. Онда жылқы еті 4,5 пайызға қымбаттаған.
*****
Қостанайда әкімдік қызметкерлері мен «Тобыл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері қантты жекелеген кәсіпкерлерге шекті мөлшерден тыс әрі кезексіз таратқан. Облыстың тұрақтандыру қорынан келісін 420 теңгеге алған қантты  кәсіпкерлер тұрғындарға белгіленген 10%-тің орнына 100% үстемемен сатып келген. Мұндай әрекеттері үшін  олар әкімдік пен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация қызметкерлеріне 100-ден 500 келіге дейін қант жіберіп отырған. Тұрақтандыру қорының қойма меңгерушісінің жеке көлік тұрағын тексеру кезінде 900 келі қант анықталды. Тәркіленген өнім қорға қайтарылды. Істі облыс бойынша жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп жатыр деп жазады 24 кз сайты.
*****
«Блогерлер заңға бағынбай, келісімшарт жасамай қайырымдылық іс үшін деп халықтан ақша жинаса ол заңсыз әрекет болып есептеледі. Яғни ол алаяқтық. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет айтты.  «Екіжақты келісімге келу қайырымдылық жасау кезінде түсініспеушілік, дау-дамай туындаған жағдайда мәселені заңмен реттеу үшін енгізіліп отыр. Келісімге келсе қайырымдылық үшін жиналған қаржыға қатысты ешқандай артық сұрақ туындамайды», - деді Мадияр Қожахмет брифингте.
*****
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі  жыл басынан бері 170 бірліктен астам оқ-дәріні шекарадан заңсыз өткізу әрекетінің жолын кесті.Таратылған ақпаратқа сәйкес, шекарадан заңсыз өткізілмек болған қарулардың ішінде 8 мыңнан аса суық қару мен электрлік естен тандыру құралдары бар және оқсыз атылатын қару әкетудің 2 фактісінің жолы кесілді. Тек соңғы аптада шекаралық бақылау жүргізу кезіндегі тексеру іс-шаралар нәтижесінде 60 аңшылық және 6 зақымдайтын оқ, қолдан жасалған 2 пышақ анықталды. Барлық жағдайларда ұсталған адамдар мен көліктер процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құзыреті бойынша ішкі істер органдарына тапсырылды.
*****
Бүгін Тобыл» мен «Қызыл-Жар» УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы қарымта кездесулерін өткізеді. Алғашқы ойында екі команда да сырт алаңда 0:1 есебімен жеңіліп қалды.  Петропавлдық «Қызыл-Жар» елордада кипрлік АПОЭЛ-ды қабылдайды. Бұл матч Нұр-Сұлтан уақытымен  жарты сағатта басталады.  Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде сүрініп, Конференция лигасында бақ сынап жатқан «Тобыл» босниялық «Зриньскимен» кездеседі. Қостанайда өтетін ойын елорда уақытымен 20:00-де басталады. Аталған екі кездесуді де QAZSPORT телеарнасы көрсетеді.
*****
Ертең  елдің Солтүстігінде, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады, ол оңтүстікте найзағаймен, екпінді желмен, бұршақ жауады. Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында – шаңды дауыл болады деп жазады Қазгидромет.