Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

1,1 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды

1,1 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.

Отырыс барысында ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау және қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері қаралды.

Жыл басынан бері комиссия шешімімен мемлекетке 1 млн 119 мың гектар жер қайтарылды.

Қазіргі уақытта жалпы аумағы 2 млн 94 мың га жерді пайдаланушыларға қатысты 724 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр, 698,4 мың га жерді тексеру бойынша 48 өтініш прокуратура органдарында тіркеу сатысында тұр.

Жалпы комиссия аумағы 7,45 млн га жерде 2 584 субъектіге қатысты тексеру жүргізуді жоспарлап отыр, оның ішінде егістік алаңы – 585,2 мың га, жайылым жер – 6,86 млн га.

Айта кетейік, осы жылдың 9 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Жер заңнамасының сақталуына тексеру жүргізуге мораторийдің күшін жоюды көздейтін Жарлыққа қол қойды.

Жоғарыда аталған шараларды ескере отырып, жыл соңына дейін пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы жерлерінің кем дегенде 5 млн гектарын мемлекетке қайтару көзделген.