Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Баспананы қолжетімді етудің бірден-бір жолы – отандық өндіріс орындарын көбейту

Баспананы қолжетімді етудің бірден-бір жолы – отандық өндіріс орындарын көбейту

Дәл қазір Қазақстанда шығарылатын өнімді пайдалансақ, қолдағы материал үйді көтеруге ғана жетеді екен. Бүгінгі күні елімізде түрлі өнім шығаратын 2500-ден аса кәсіпорын бар. Олар жыл басынан бері шамамен 500 млрд теңгенің өнімін шығарды. Бірақ, бұл жеткіліксіз.

Ресми деректерге сүйенсек, құрылыс материалдарының 63 процентін өзіміз өндіреміз. Қалған 37 пайыз өнім шетелден импортталады. Отандық өндірушілер цемент, гипс, әк, бетон, кірпіш, гипсокартон сынды өнімдермен елдегі қажеттілікті толық қамтамасыз ете алады. Ал сырттан көбінесе қымбат тауарлар келеді. Бұл көрсеткіш бойынша керамикалық кірпіш алдыңғы орында тұр. Жыл басынан бері елге 380 мың тоннаға жуық тауар кірген. Содан кейін 357 мың тоннамен портландцемент тұр. Импорт көрсеткіші бойынша керамикалық плита үшінші. Бұл өнімнен елге 56 мың тонна кірген. 

Қазақстандық нарық импортқа тәуелді. Шетелдік өнімдердің басым бөлігі Ресей, Қытай және Өзбекстан мемлекеттеріне тиесілі. Олардан дайын өнім ғана алмаймыз. Өзіміздің өндіріске қажетті техникалар мен химиялық қоспалар, тіпті кей шикізатты да импорттауға тура келеді. Егер олар бағаны көтеріп жіберсе, бұл барлық нарыққа әсер етеді. Десе де, ірі кәсіпорындармен текетіресіп жүрген отандық өндіріс орындары да бар.


Қазақстанда жасалатын отандық өнім де шетелден келетін құрылыс заттарынан кем емес. Мәселен, елорда іргесіндегі газоблок өндіретін ірі өндіріс орны 7 жылдан бері отандық өніммен қала құрылысын қамтамасыз етіп келеді. Мұндағы жұмыстың 70 пайызы автоматтандырылған, яғни, ауыр жұмыстың барлығын дерлік техника өзі істейді. Бұл сапаға серпін береді дейді сала мамандары. Айтуларынша, сапа жағынан да, баға жағынан да өзіміздің өнім шетелдік өнімдермен бәсекеге қабілетті. Өндіріс орнының қызметкерлері де бұл сөзбен келіседі. Айтуларынша, өздері жасаған құрылыс заттарының сапасында сын жоқ.


Ербол Бекет, техник:

- Отандық өнім мықты болады ғой. Өз қолымызбен өндіріп, шығарып жатырмыз. Сұраныс көп, жоғары. Көбі техникамен істеледі. Кейбір ауыстырып жіберетін жағдайлар болады, көп жұмыс жоқ мұнда. Мұндай отандық зауыттардың өніміне сұраныс жоғары. Тіпті нарықты толық қамтып үлгере алмай жатады. Кезекке тұрған жүк көліктерін де байқау қиын емес.

Осындай отандық өндірісте шешімін таппай келе жатқан тағы бір мәселе бар. Ол - маман жетіспеушілігі. Техникалық мамандыққа қызығатындар саны аз, - дейді құрылыс материалдарын өндіруші компания өкілдері. 


Ертай Сәмет,  компанияның өндіріс жөніндегі директоры:

- Қазір күніне 500 куб газоблок шығарамыз. Осындай зауыттардың қуаты өскен кезде мамандардың жетіспеушілігі байқалады. Біз мамандарды дайындаған кезде үш дайындық курсына аламыз. Үш ай курстан өткен азаматтар үш айдан кейін дайын маман болып шығады. Істеп тұрған маман бірге, жұмыс істейді. Осылай дәрежесі өсіп, толыққанды жұмысқа аламыз.

Президент тапсырмасына сәйкес, кадр мәселесін түпкілікті шешудің алғышарттары да жасалған. Жыл сайын 10 өндірістік кәсіпорнын дуальды оқытуға тартып, мыңнан аса маман даярлау көзделіп отыр. Ал импортқа тәуелділіктен арылу үшін 2025 жылға дейін 17 өңірде жаңа зауыт ашылмақ.

   




Дереккөз: 24.kz