Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Елімізде ағылшын тілі үшінші сыныптан бастап оқытылады

Елімізде ағылшын тілі үшінші сыныптан бастап оқытылады

Елімізде ағылшын тілі үшінші сыныптан бастап оқытылады. Оқу-ағарту министрлігі БҚ хабарлауынша, жаңа оқу жылының ұзақтығы 1-сыныпта 35 оқу аптасын, 2-11 сынып аралғында оқитындар үшін 36 оқу аптасын құрайды. Биыл қазақ тілінде білім алатын бірінші сынып оқушылары «Әліппе» мен «Ана тілін» ғана оқиды. Ал орыс тілін екінші сыныптан, ағылшын тілін үшінші сыныптан бастап меңгереді.

*****
Алматыда «бомба қойылды» деген сот ғимаратын қаланың шұғыл жедел қызметтері тексеріп шықты. Нәтижиесінде ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазбек би көшесінде орналасқан сот ғимаратындағы тексеру жұмыстары аяқталды. Ол жерден жарылғыш зат табылған жоқ. Қазіргі уақытта экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасы жалған ақпарат таратушыны іздестіріп жатыр. Оған қатысты шара қолданылатын болады», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
*****
Бүгін елордадағы «Арқар» көпірінде жол төсемін орташа жөндеу жұмысы басталады. Осыған байланысты автожол жабық болады. Нұр-Сұлтан қаласы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес, 15 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Мәңгілік ел даңғылы мен Сарайшық көшесі қиылысындағы көлік айрығы учаскесінен Р. Қошқарбаев даңғылына дейінгі «Арқар» (М1) көпірінің жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі. Осыған байланысты, 15-24 тамыз аралығында көпірді Р. Қошқарбаев даңғылы бағытында, 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Сарайшық көшесі бағытында жабу жоспарланып отыр.
*****
Қытайда соңғы 60 жылдағы ең ыстық жаз орнады. Бұл туралы жергілікті метеоролгтар мәлімдеді. Елдің 19 аймағында сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтерілген. Билік тұрғындарды көшеге беталды шықпауға шақырып әлек. Күн қатты ысыған соң, бірқатар өңірдегі су қоймасының деңгейі төмендеген. Аптап кезінде балмұздақ пен басқа да салқындатқыш сусындардың бағасы 300 пайызға қымбаттаған. Климат өзгерісінің салдарын Бейжің тұрғындары да сезініп жатыр.
*****
Отандық қаламгерлердің детектив жанрындағы шығармалары кітап болып шығады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты. «Өткен жылы Ішкі істер министрлігі ел тарихында тұңғыш рет «Серт» детектив шығармаларының республикалық байқауын өткізген болатын. Әдеби сайыс мақсаты – халықтың құқықтық мәдениетін, сонымен қатар қазақстандық патриотизмді арттыру, қоғам назарын полиция мен басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қиын және қауіпті жұмысына аудару», - деді ІІМ өкілі ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте. Оның атап өтуінше, Ішкі істер министрлігі Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойы аясында республикалық «Серт» байқауын жариялады. Жарысқа қатысатын шығармалар осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін қабылданады.