Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Түркістан халықаралық талапқа сай спорт кешендерімен толығады

Түркістан халықаралық талапқа сай спорт кешендерімен толығады

Түркістанда салынып жатқан олимпиадалық резерв мектебінің әкімшілік ғимараты мен жатақханасының құрылысы аяқталуға жақын. Бесқабатты жатақхана аталған мектеп шәкірттерін, студенттер мен қызметкерлерді уақытша баспанамен қамтамасыз ету мақсатында салынған. 200 орындық ғимарат құрылысы қазан айында ақталады. Қалада «Мұз сарайының» құрылысы да жүріп жатыр. Әлемдік стандарттарға сай мұзайдыны 1 200 адамға есептелген. Жаңа нысан жыл соңында ашылады. Сондай-ақ, «Теннис орталығы», Б. Саттарханов атындағы спорт кешені, «Ат спорты кешені» секілді жаңа нысандар бой көтерді. 20 гектар жерде орналасқан «TURAN» футбол академиясының құрылысы да аяқталуға жақын. Елімізде теңдесі жоқ ескек есу каналына да су келді.

*****
Португалия алапат орман өртімен күресіп жатыр. Жексенбі күні аталған елдің құрлықтағы бөлігінде 11 орман өртін сөндіруге екі мыңға жуық адам тартылған. Бұл туралы Португалия төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық қызмет басшысы Андре Фернандеш айтты. Өртпен күресуге арнайы авиация мен жүздеген техника жұмылдырылған. Фернандештің айтуынша, Вила-Реал муниципалитеттінде, Лиссабон маңындағы Аленкерде және Уремде жағдай қиын. Бұл аудандарда ауа ылғалдылығы төмен және жел екпіні күшті. Сейсенбіге дейін елдегі бірқатар өңірде орман алқабына жақындауға қатаң шектеу қойылған. Соңғы аптада, Португалияның ұлттық өрт сөндіру қызметінің бағалауынша, тек Серра-да-Эштрела тауларында 30 мың гектар алқапты өрт шарпыған.
*****
Ал Қытайда аптап ыстыққа байланысты дабылдың қызыл деңгейі жарияланды. Шэньси, Чжэцзян, Фуцзянь, Сычуань провинцияларында термометр бағаны 39 градусқа жеткен. Кей өңірлерде ауа температурасы 40 градустан да жоғары. Егістік алқаптары күйіп барады. Тұрғындар да тұрмысқа қажетті судан тарығып отыр. Қауіптің алдын алу үшін Хубэй провинциясының билігі шалғайдағы елді мекендерге өрт сөндіру көліктерін жібере бастады. Мамандар су тасып, қаңсып тұрған жерлерді суаруға көшкен. Синоптиктер аймақтағы аптап ыстықтың беті тамыздың аяғына қарай қайтатынын айтты.
*****
Бельгияда электр энергиясының бағасы жексенбі күні жаңа рекордтық көрсеткішке жетті. Көтерме сауда нарығында бір мегаватт-сағаттың құны орта есеппен 561,94 еуроға саудалануда. Электр энергиясына бағаның өсуіне газ бағасы, француз АЭС-ның ағымдағы шектеулі жеткізілімдері, сондай-ақ су электр станциялары өндірісінің төмендеуіне әкелетін жергілікті өзендер мен су айдындарындағы судың төмен деңгейі ықпал еткен. Еуропа құрлығында ауа райының ыстық болуына байланысты ауа салқындататын кондиционерлер кеңінен қолданылуда. Осылайша, тамыз айында электр энергиясын жеткізуге жаңа келісімшарт жасаған клиенттер рекордтық бағаға дайын болуы керек. Мамандардың бағалауы бойынша, бельгиялық үй шаруашылықтары үшін орташа жылдық электр энергиясы 2154,58 еуро, ал газ үшін 3791,10 еуро болады.
*****
Индонезияда маймыл шешегін жұқтырған бір науқас анықталды. Осы елдің Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Мохаммад Сиахрил науқастың стационарлық емделуді қажет етпейтінін айтты. ANTARA ұлттық агенттігінің хабарлауынша, Джакартада тұратын 24 жастағы жігіт ауырып қалған. Науқастың жақында шетелге барғаны және дененің кейбір бөліктерінде қызба және бөртпе сияқты белгілерді байқағаны белгілі. Сонымен қатар науқаста көкбауыр ұлғайған. «Бүгін бізде маймыл шешегінің ресми расталған алғашқы жағдайы тіркелді. Бетінде, алақанында, аяқтарында және жыныс мүшелерінің айналасында бөртпелер бар. Соған қарамастан жағдайы жақсы», – деді Мохаммад Сиахрил.