2 млн теңгеге бала сатпақ болғандар ұсталды

Алматыда 24 жастағы келіншек пен онымен бірге тұратын 21 жастағы азамат алты күн бұрын дүниеге келген қызын сатпақ болған. Баланы сатып алушыларды екі ай бұрын іздей бастаған. Нәрестені Алматы қаласының тұрғындары алғысы келіп, тараптар 2 миллион теңгеге келіскен. Алайда, полиция қызметкерлері нәресте мен мәміленің қалған сомасын бір-біріне беру кезінде сатып алушылар мен делдалдарды бір уақытта ұстады. Кездесу кезінде делдалдардың қолында тағы екі сәби болған.