Пияз, картоп, сәбіздің бағасы арзандады

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 18,7%-ға өскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 пайызға жоғары.
Өткен аптада
Пияз – 7,2%
Картоп – 0,8%
Сәбіз – 3,6% арзандады.
Күріш – 1,4%
Күнбағыс майы – 0,9% қымбаттады.
ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы (2022 жылғы 23 тамызға):
Күріш – 303 тг/кг
Картоп – 170 тг/кг
Сары май – 3 302 тг/кг
Айран 2,5% – 333 тг/л
Еске салайық, елімізде азық-түлікке қатысты қысқа мерзім ішінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тапшылығын жою, бағаның негізсіз көтерілуін болдырмау шаралары қабылданған болатын.