Керекуде аламан бәйгеден Қазақстан чемпионаты өтеді

Ұмай ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. Жүлде қоры – 54 млн теңге. Барлығы 4 бағыт бойынша 19 номинация қарастырылған. Сыйлық Қазақстанның шығармашылық ұжымдары мен жекелеген орындаушыларына театр өнері; музыкалық-орындаушылық өнер; хореография өнері; бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер аталымдары бойынша беріледі. Конкурстық іріктеуді жүргізу және сыйлық лауреаттарын айқындау үшін төрт номинацияның әрқайсысында 3 тәуелсіз сарапшы бар. Өтінімдер қазірден бастап 9 желтоқсанға дейін қабылданады.
*****
Келер жылы 1 қаңтардан бастап «Қазақмыс» корпорация қызметкерлерінің еңбекақысы өседі. Бұл туралы басқарма төрағасының бірінші орынбасары андрей Гайдин Шахтерлар күніне орай ұжыммен кездесуде айтты. Кеншілерге кәсіби мерекеге орай 30 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі. Елдегі қымбатшылыққа байланысты жалақыны өсіру жоспарланып отыр. Жалақы қанша процентке өсетіні жайлы биыл 10 желтоқсанға дейін хабарлаймыз деді «Қазақмыс» өкілі. *****
Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен өңірлік этномәдени бірлестіктердің мүшелері жаңа оқу жылы қарсаңында республикалық «Мектепке жол» акциясына өз үлестерін қосты. Қызылорда қаласы және барлық аудандағы 100-ге жуық көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасы оқушыларына оқуға қажетті құрал-жабдықтары бар сөмкелерді табыстады. Жыл сайын тамылжыған тамыздан бастап, қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын биылғы науқанға облыстық ассамблея және этномәдени бірлестік өкілдері бір кісідей жұмыла кірісіп, елдік пен кеңдіктің үлгісін көрсетті. Ата-аналардың алғысын алып, ризашылығына бөленді.*****
Павлодарда 3 қыркүйекте аламан бәйгеден Қазақстан чемпионаты өтеді. Жарысқа еліміздің әр өңірінен жүйріктер қатысады. Жүлделі болған тұлпарлардың бапкерлеріне ақшалай сыйлықтар беріледі. Сондай-ақ көрермендер арасында тегін ұтыс ойыны ойнатылады. Жарыс 24 шақырымға аламан бәйге, 11 шақырымға құнан бәйге және 17 шақырымға топ бәйге бойынша өтеді.*****
Грекия астанасы Афинада 300-ге жуық адам шеруге шықты. Олар қазіргі үкіметтің биліктен кетуін талап етті. Наразылыққа телефон әңгімесін тыңдауға қатысты былық себеп болған. Осы шуға байланысты бүгін парламент қабырғасында жиналыс өтуге тиіс. Өткен айда Грекияның Ұлттық барлау қызметі Социалистік партияның басшысының телефонын тыңдағаны анықталды. Елдің Премьер-министрі бұдан хабарым жоқ деп ақталуда. Бірақ ол бірден Ұлттық барлау қызметінің басшысынмен өз көмекшісін орнынан алды.Фото: el.kz