Құтлық Елтеріс қағанның кешені табылды

Ғылыми экспедиция Күлтегін мен Білге қағанның әкесі ұлы Құтлық Елтеріс қағанның кешенін тапты.
Жуырда Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының біріккен ғылыми археологиялық экспедициясы Номғон алқабында Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түрік қағандығын қайта дәуірлеткен ұлы Құтлық Елтеріс қағанның кешенін тапқан еді. Осыған орай Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Facebook парақшасында тарихи жаңалықпен құттықтап, мән-маңызына тоқталды.