«Бәйтерек» холдингі «Сбербанкті» сатып алды

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мен «Сбербанк» тобы «Сбербанк» АҚ Қазақстандағы еншілес банкі акцияларының барлық пакетін сатып алу-сату мәмілесін жасасуды аяқтады, деп хабарлайды Холдингтің баспасөз қызметі.
Мәміле өзара қолайлы қаржылық шарттармен жасалды және барлық қажетті реттеушілік мақұлдаулардан өтті. Банк өз клиенттері алдындағы барлық міндеттемелерін орындауды жалғастырады, бұрынғы клиенттері үшін банк өнімдері бойынша барлық шарттар өзгеріссіз қалады.
Мәміле аясында банк белсенді операцияларды толық жаңартуға, депозиттер тартуға және төлемдер жүргізуге, сондай-ақ халық пен бизнеске арналған өнімдер мен қызметтерді дамытуға мүмкіндік алады. Жақын уақытта «Сбербанк Қазақстанға» ребрендинг жүргізіледі.