Қазақстан Әнұранын орындаған Димаш Құдайберген шетелдіктерді тәнті етті

Шетелдік БАҚ пен шетелдік көрермен Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес жекпе-жегіндегі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің өнерін назардан тыс қалдырмады.
Трилогия 18 қыркүйекте Лас-Вегаста өтті және 12 раундқа созылды. Шетелдік көрермен мен Желі қолданушылары Димаштың орындауындағы Қазақстан Әнұранына таң қалған болатын.
Мексикалық TUDN порталы "Канело - GGG: Қазақстан Әнұранын кім шырқады" деген мақала жариялады. Мақала авторлары қазақстандық әншінің өнерінен кейін, Twitter желісінде мексикалықтар арасында жаңа тренд пайда болғанын атап өтті. Портал мексикалық желі қолданушылары Димаштың өнеріне тәнті болғанын атап өтті.
Сондай-ақ мексикалық, испандық басылымдары Димаш Құдайбергеннің талантты әнші екендігін жарыса жазды. Портал ән орындалған соң бәрі өнер иесіне ду қол шапалақ ұрғанын және керемет әсер алғандарын айтқан.
Фото: baribar.kz