Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қытаймен кедендік шекарада тәртіп орнату: Бюджетке 59,5 млрд теңге өндірілді

Қытаймен кедендік шекарада тәртіп орнату: Бюджетке 59,5 млрд теңге өндірілді

Қытаймен кедендік шекарада тәртіп орнатуға қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында жүргізілген тексерулер нәтижесінде бүгінгі таңда 10 уәкілетті экономикалық оператордан бюджетке 59,5 млрд теңге өндірілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылдың ақпан-мамыр айларында мемлекеттік кірістер органдары 10 уәкілетті экономикалық операторға қатысты жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулер жүргізген болатын.

Кедендік тексеру нәтижелері бойынша 107,7 млрд теңге мөлшерінде кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар қосымша есептелді. Уәкілетті экономикалық оператор тауарлардың кедендік құнын дұрыс төмендетіп көрсету арқылы кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтармақ болған.

Анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша мемлекеттік кірістер органдары прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарымен бірлесіп мемлекет бюджетіне 59,5 млрд теңге мөлшерінде кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар сомасын өндіріп алды. Оның ішінде, ерікті түрде төленгені - 56,9 млрд теңге, мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының нәтижесінде өндірілгені - 2,5 млрд. теңге.

Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдары уәкілетті экономикалық операторларға және кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша ортақ міндет атқаратын кеден өкілдеріне қатысты берешекті өндіріп алу шараларын қабылдау бойынша жұмысты жалғастыруда.


Дереккөз: inform.kz

Фото: exk.kz