Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңа Қазақстандағы мемлекеттік аппараттың рөлі

Биыл еліміз үшін сан сынаққа толы және жан-жақты реформалар мен нақты өзгерістер жылы болды. Маусым айында өткен референдумның нәтижесінде билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнап,  мемлекет «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасын берік ұстанып отыр.

    Жалпы, соңғы үш жылда жасалған өзгерістер мен конституциялық реформа мемлекеттік-саяси құрылымның жаңа үлгісін қалыптастырды. Сондықтан мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Жолдауда сайлау мерзімін болашақта жария түрде болатынын ашық айтқан болатын.  

2 күн бұрын Президент Конституцияның талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2022 жылғы 20 қарашада өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл науқан елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін сайлау кезеңін бастап беретіні анық. Сол арқылы экономиканы тұрақты дамытуды, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады.

    Олай болса, еліміздегі жасалып жатқан саяси реформалар мен ауқымды әлеуметтік-экономикалық шаралар  туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Айбек Паяевпен болған сұхбатты төмендегі сілтемеден тыңдай аласыздар.

Хабарды жүргізген Алмас Байдрахман.