Тағы да Төреғали...

Әлеуметтік желіде әнші Төреғали Төреәліге қатысты видео тарады. Онда Алматы облысындағы Көлсай көлінде әншінің гидке қол жұмсағаны жайлы айтылған. Кадр сыртындағы дауыстарға қарағанда әншінің мұндай әрекетіне гидтің оған дұрыс қарамағаны себеп болған. Оқиғаға қатысты Алматы облысы полиция Департаменті арнайы пікірін білдірді.
"Тексеру шаралары басталды.Алматы облысы полиция Департаментінің басшысының тапсырмасы бойынша мән-жайды анықтау Кеген аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне жүктелді. Жүргізілетін іс-шаралар барысы мен нәтижелері Алматы облысы полиция Департаментінің бақылауында", - делінген хабарламада.