Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақ радиосында Әбдірәлі Бөлебай атындағы студия ашылды

Қазақ радиосында  Әбдірәлі Бөлебай атындағы студия ашылды

1 қазан Радио күні қарсаңында Қазақ радиосында телевизия және радио ардагері, белгілі диктор Әбдірәлі Бөлебай атындағы студия ашылды.

Радиостудияның ашылу салтанатына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қатысып, Әбдірәлі Бөлебайдың отандық журналистикадағы еңбегі туралы атап өтті.  

«Өздеріңізге белгілі, өткен жылы Мемлекет басшысы 1 қазанды Радио күні деп жариялады. Ең әуелі баршаңызды кәсіби мерекемен құттықтаймын. Осы атаулы күн қарсаңында Әбдірәлі Бөлебай атындағы студияны ашу ғасырлық тарихы бар Қазақ радиосының ұлағатты ісі.  Әбдірәлі Бөлебайдың дауысы жадымызда, санамызда жатталып қалды.  Өмірінің соңына дейін қарашаңырақта қызмет етіп, «Алтын қорға» 500-ге жуық хабар қалдырды. Қазақ журналистикасындағы Әбдәірәлі Бөлбай есімі ұмытылмайды», - деді министр.

Әбдірәлі Бөлебай ұзақ жылдар бойы Қазақ радиосында, «Qazaqstan», «Хабар» телеарналарында, Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешенінде  қызмет атқарды.


Ашылу салтанатынан кейін Ә.Бөлебай атындағы студияда «Әбдірәлі әлемі» атты алғашқы хабар өтіп, марқұмның жары Баян Шұбарова және жақындары мен әріптестері тыңдармандармен тікелей эфирде сұхбаттасты.