Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қарағанды полицейлері өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алды

Қарағанды полицейлері өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алды

Қарағандылық полицейлер өз-өзіне қол салған азаматты ажал аузынан алып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Ғалымхан Қаратағанов пен Батырхан Сеймұханбетұлы Әлихан Бөкейханов атындағы ауданда өзіне бекітілген аумақта жұмыс атқару барысында түнгі сағат 03.00 шамасында Жедел басқару орталығынан шағын аудандардың бірінде белгісіз біреу өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама түсті.

Белгілі болғандай орталыққа хабарлама берген қол жұмсаған азаматтың жұбайы екені анықталды.

– Оқиға орнына бара жатқанымызда қоңырау шалған азаматшамен хабарласып, үйінен далаға шығып, бізді күтуін өтіндік. Мекенжайға келген соң оны қызметтік көлігімізге отырғыздық, – дейді Ғалым Қаратағанов.

Бұған дейін үйде жанжал болғаны белгілі болды. Осыдан кейін күйеуі үйінен кетіп қалып, қайтып оралмаған. Кейін ол ұялы телефонның бейне қоңырау қосымшасымен әйеліне хабарласып, өз-өзіне қол жұмсайтынын айтқан. Ал әйелі оның нақты қай жерде тұрғанын білмеген. Бейнеқоңыраудағы жазбада күйеуінің балалар ойнайтын алаңда тұрғанын байқаған. Ал ол шағын ауданда ондай алаңның көп болуынан, оның нақты қай жерде тұрғанын айту қиынға соққан.

Алайда полиция қызметкерлерінің тәжірибесі адам өмірін құтқаруға септігін тигізді. Қоңырау шалушылар тұрған үйге көрші үйлердің маңын тексеру барысында қызметтік автокөліктің шамы темір аспада асылып тұрған адамға түскен. Полиция қызметкерлері бірден көліктен шығып, азаматқа келгенде ауызынан қан аққан азамат көлік сүйреуге арналған арқанның бір бөлігіне асылып тұрған.

Арқаннан шешіп алған полиция қызметкерлері оны жерге жатқызып, Батырхан Сеймұхамбетұлы оның кеудесін басып, алғашқы көмек көрсеткен. Арада бір екі минут уақыт өткенде өз-өзіне қол жұмсаған азамат көзін ашып, аяғын басқан. Полиция қызметкерлері оны орындыққа отырғызып, келген жедел-жәрдем қызметкерлеріне берді. Ақ халатты абзал жандар оның денсаулығын тексеріп, ауруханаға жеткізбекші болған. Алайда азамат ол жерден бас тартты. Кейін ерлі-зайыптыларды оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне жеткізген патрульдік полицейлер қызмет өткеруге аттанды.

Фото: gov.kz