Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Мемлекет басшысы Семей қаласындағы Невзоровтар музейін аралап көрді

Мемлекет басшысы Семей қаласындағы Невзоровтар музейін аралап көрді

Мемлекет басшысы Абай облысына жұмыс сапары аясында Семей қаласындағы Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері музейін аралап көрді, деп хабарлайды Борт №1 сайты. 

Президентке музейдің тарихы таныстырылды. Невзоровтар музейі – Қазақстандағы көркемсурет құндылықтарын жинақтаған ірі мәдени нысандардың бірі. Музейде түрлі бағыттағы 5 мыңнан астам экспонат бар. Атап айтсақ, Қазақстан бейнелеу өнері, XVIII ғасыр аяғы және XX ғасыр басындағы орыс өнері, XVI ғасыр аяғы және XX ғасыр басындағы Батыс Еуропа кескіндемесі мен графикасы, XX ғасырдағы Ресей, Орталық Азия, Грузия, Армения, Беларусь өнері.


Невзоровтар отбасы атындағы музей 1985 жылы тарихи-өлкетану музейінің ғылыми-көркем бөлімі болып құрылған. Музей мәртебесі 1988 жылы берілді.


Фото: Борт №1