Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Атырау қаласына қарасты «Береке» ауылында заманауи мал сою және сату кешені іске қосылды

Атырау қаласына қарасты «Береке» ауылында заманауи мал сою және сату кешені іске қосылды

Атырау қаласына қарасты «Береке» ауылында заманауи мал сою және сату кешені іске қосылды. Тұрғындар үшін ең қажетті әлеуметтік кешеннің басты артықшылығы – қала базарлары мен сауда орындарына түсетін ет өнімдері енді бір орталықтан дайындалады. Бұл жерде кез келген адам малды көзінше сойғызып алса, мал тапсырушы өнімін өткізіп, қолма-қол есептеседі. Кешеннің ішінде мал сою қондырғысы, ет сататын павильондар және тұтынушылар мен мал иелеріне арналған 20 орындық асхана бар. Мұндағы ет дайындау процессі халықаралық «халал» стандартына негізделген. Тәулігіне 150-ден астам мал қабылданады. Қазір кешенді орталық қаланың 2 базары мен 5 сауда нысанына қызмет көрсетеді.

*****
Сыр өңірінде ұстаздардың кәсіби мерекесі аталып өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, ұстаздарға құрмет көрсетті. Атап өту керек, мерекеге орай аймақтағы ең үздік 5 педагогы білім саласындағы жоғары марапат «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісіне ие болды. Президент тапсырмасына сәйкес келесі жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы тағы да 25 пайызға өседі. Ал «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша облыста алдағы үш жылда он бес мектеп салынады. Ал жыл қорытындысымен еңбегімен ерекше көзге түсіп, шәкірттері білім бәсекесінде топ жарған 10 мұғалімге 900 мың теңге қаржылай сертификат табысталады. Сондай-ақ ұзақ жыл білім саласында тер төккен бір топ аға буын өкілі «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Мұнан бөлек, бірқатар ұлағат иелеріне «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағы берілді.
*****
Тестілеуден оңай өтпек болған павлодарлық мұғалімдер алаяққа алданды. Павлодарда жүздеген адамды сан соқтырған күдікті ұсталды. Ол сыйақы үшін мұғалімдерді ұлттық біліктілік тестілеуінен өткізуге уәде берген. Өзі де бұрын педагог болып қызмет атқарған екен. Күдікті Telegram арнасындағы чаттар мен сайттарға жарнама орналастыру арқылы клиент тауып, өз «қызметін» 60 мыңнан 100 мың теңгеге дейін бағалаған. Бүгінгі күні полицияға 108 адам арызданды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы азамат ұсталды. Ол кінәсін мойындап отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
*****
Көкшетауда синтетикалық есірткі сатуға тырысқан елордалық қолға түсті. Ресми мәліметке сенсек, күдікті әлеуметтік желідегі хабарландырудың табысына қызығып, есірткі тасымалдаушы болып жұмыс істеген. Бұл әрекеттің заңғы қайшы екенін біле тұра келіскен ол өзінің алғашқы жұмыс күнінде полицейлерге ұсталды. Тінту кезінде күдіктінің сөмкесінен өлшеніп оралған байлам табылды. Оның ішінде ақ түсті ұнтақ консистенция болған. Сондай-ақ күртешесінен осыған ұқсас тағы 37 орам тәркіленді. Психотроптық заттардан бөлек, күдіктінің телефоны да тәртіп сақшыларының қолында. Оның ішінде тыйым салынған заттарды қайда жасырғанын түсірген суреттер және тапсырыс берушілермен сөйлескен чаттар анықталды.
*****
Батыс Қазақстан облысының тұрғыны екі шетелдік азаматты шекара арқылы заңсыз алып өтпек болған. 1977 жылғы тұрғын 1 500 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алған. Сол ақшаға шекара бекетін айналып өтіп, өзбекстандық екі азаматтың көші-қон жұмысын үйлестіріп беруге тырысқан. «Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 394-бабы 1-бөлігіне сай қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не мүлкі тәркіленіп бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

Фото: amin.kz