Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысы өтті

Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысы өтті

Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Қатысушылар квазимемлекеттік сектордан төмендетілген бағамен бәсекелестік ортаға берілген қаржы ұйымын республикалық меншікке қайтару шарттарын талқылады. Қазіргі уақытта осы факті бойынша тиісті тергеу жүргізіліп жатыр.  

Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы мен цифрлық медициналық жүйелердің қажеттіліктері үшін өнеркәсіптік өнімдер өндіру саласында жұмыс істейтін бірқатар компанияға қатысты монополияға қарсы ден қою шаралары қаралды.

Сондай-ақ Премьер-Министр Бас прокуратураға бірқатар энергетикалық объектіні жекешелендірудің негізділігіне қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуді  тапсырды.