Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қостанай облысының Арқалық қаласындағы жылу электр орталығында апат болды

Қостанай облысының Арқалық қаласындағы жылу электр орталығында апат болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей-Украина арасындағы соғысты бейбіт жолмен тоқтатуға шақырды. Бұл туралы мемлекет басшысы Ереванда өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммитінде айтты. Оның сөзінше кез келген соғыс бейбіт келіссөзбен аяқталады. Сондықтан уақытты жоғалтпай бітімге келудің мүмкіндіктерін пайдалану керек. Cтамбулдағы келіссөз рауынды үміт сыйлаған еді, бірақ келісім іске аспады. Ондаған, жүздеген жылдарға созылатын өкпе-реніштен бауырлас орыс және украин халықтары арасының алшақтауына жол бермеу керек деді Президент.

*****
Қостанай облысының Арқалық қаласындағы жылу электр орталығында апат болды. Жергілікті билік жағдайға қатысты түсінік берді. «Кеше кешке қалалық ЖЭО-ның жылу қазандығында ауқымды емес жарылыс болды. Салдарынан қазандықтың қаптамасы бұзылды. Су жылытатын – екінші және үш бу қазандығы бүлінген жоқ. Қаза болғандар және зардап шеккендер жоқ. Аталған ақау жылу мен су беруге әсер етпейді», - деді Арқалы қаласы әкімдігінен. Ал жөндеу шаралары жұмыс тәртібімен атқарылатын болады.
*****
10 күн бұрын ғана құрылған «Педагогті қорғау» Telegram-чатына 600-ден астам сұрақ пен өтініш түсті. Ал осы мерзім ішінде чатқа 25 мыңнан астам адам қосылған. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, сұрақтардың басым бөлігі мұғалімдер құқығының бұзылуына қатысты. Атап айтқанда, оларды міндетінен тыс жұмыстарға тарту, артық есеп талап ету. Сондай-ақ мұғалімдердің аттестациясына, санат беру, оқу жүктемесін бөлу және тағы басқасына қатысты сұрақтар түсіп жатыр. Telegram-чатқа түскен барлық ақпарат тексеріледі. Мамандар жедел түрде кері байланыс жасап, мұғалімдердің әрбір өтінішіне жауап береді және қажет болған жағдайда тиісті шара қабылдайды. Осы үшін арнайы жұмыс тобы құрылған.
*****
Енді елімізде жол әр аймақтың климатын ескере отырып салынады. Бұл қазір елімізде дайындалып жатқан жол саласына қатысты нормативтік-техникалық құжаттардың бірыңғай жүйесінде  көрініс табады. Аталған нормативті құжаттар 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен енгізіледі. Жол салуды жобалау кезінде әр аймақтың климаттық жағдайы, ауа температурасы мен көлік қозғалысы қарқыны ескеріледі. Яғни  еліміздің әр өңірі үшін бөлек асфальтбетон қоспалары, битум және қиыршық тас құрамы жасалады.
*****
Запастағы 463 әскери қызметші тұрғын үймен қамтылды. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заң аясында еңбек өтілі 10- жылдан  асқан, алайда 20 жылға жетпеген, яғни денсаулық жағдайына, қысқаруына және мерзімді жасқа келуіне байланысты әскери қызметтен босатылған әскери зейнеткерлер жабық әскери қалашықтағы қызметтік үй-жайларын тұрғын үйге айырбастау құқығын пайдалана алады. Қарулы күштерде осы санатта 742 адам болған, бүгінде олардың 463-і баспанасын ауыстырды. 279 әскери зейнеткермен жұмыс жалғасуда.  Ал қалғандарын 2025 жылдың соңына дейін тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған.
*****
Ақтөбе облысында жемқорлықтан қайтарылған қаржы спортты дамытуға жұмсалатын болды. Нақтырақ айтқанда, шаһар орталығындағы саябақ аумағынан 1000 шаршы метр бөлініп, "Street Workout" алаңы салынады. Бұл мақсатқа жемқорлық қылмысы бойынша айыпталғандардан қайтарылған 47 миллион теңге жұмсалады.
*****
Енді Қатарға ойысайық. Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының төртінші ойын күнінде тағы да сенсация тіркелді. Е тобындағы Германия құрамасы Жапонияға жол берді. Есеп 1:2. Сонымен қатар, Бельгия мен Канада ойыны 1:0 есебімен бельгиялықтардың пайдасына шешілсе, Марокко-Хорватия ойынында есеп ашылмады. Ал Испания Коста-Риканы 7:0 есебімен ойсырата жеңді.  Ал енді бүгінгі ойындарға келсек, Швейцария мен Камерун, Уругвай – Оңтүстік Корея құрамасы кездеседі. Сондай-ақ Португалия мен Гана және Бразилия мен Сербия командасы шеберлік байқасады. Матчтарды Қазспортаранасынан көре аласыздар.