Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Отандық тауар өндірушілерді ынталандыру жалғасады

Отандық тауар өндірушілерді ынталандыру жалғасады

Отандық тауар өндірушілерді ынталандыру жалғасады. Тиісті заң жобасын бүгін Ұлттық экономика министрі Сенат қарауына ұсынды. Бұл ретте Әлібек Қуантыров балық шаруашылығы мен қант өндірушілер үшін жеңілдіктер қарастырылатынын айтты.

*****
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, түзетулердің тағы бір бөлігі көлік жүйесін одан әрі дамыту шарасын көздейді.
*****
Астанадан Сенат депутаттығына Ерлан Сыдықов ұсынылды. Бүгін қалалық мәслихатының отырысында осы мәселе қаралды. Жиналғандар Сенат депутаттығына кандидат ретінде Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың кандидатурасын бірауыздан қолдады. «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 71-бабына сәйкес, кандидатура мәслихаттың сессияларында және өзін-өзі ұсыну тәртібімен өткізіледі.
*****
ШҚО-да алтын қазам деп табиғатты ластағандарға 2,5 млн теңге айыппұл салынды. Самар ауылының тұрғындары Құлынжон өзенінің маңында алтын қазып жатқан компанияға шағымданған. Олардың айтуынша, қазба жұмыстарының салдарынан өзен ластанып, жер бұзылды. Соған байланысты Экология департаментінің мамандары «Каскад-Н» ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс экологиялық тексеру жүргізген.  Ауылдан 18 шақырым қашықтықта орналасқан «Құлынжон» учаскесін тексеру барысында аталған компанияның мердігерлік ұйым қызметін пайдаланғаны анықталды. Жер қойнауын пайдалану салдарынан жердің тозғаны белгілі болды. Сондай-ақ оларда тиісті мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмаған. Қазір оларға хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Тексеру қорытындысы бойынша компанияға ремедиация жүргізу туралы ұйғарым берілді. Соның шеңберінде бұзылған жер қалпына келтіріледі.
*****
Ал Атырау облысындағы медігер компания бюджеттің 43 млн теңгесін жымқарғаны белгілі болды. Индер ауданының құрылыс бөлімі мен «Байсын-А» ЖШС жалпы сомасы 1 млрд теңгеге келісімшарт жасаған. Ол қаржыға Аққала ауылында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуі тиіс еді. Серіктестік пен тапсырыс беруші жаз айында тиісті құжаттарды рәсімдеп, қызметкерлерге жалақы төлесе де, іс жүзінде жұмыс орындалмаған. Осылайша 43 млн теңге жымқырылмақ болған. Алайда Антикор өкілдері заңбұзушылықты дер кезінде анықтап, жемқорлықтың алдын алды. Енді мердігер жымқырған ашаны кері қайтарып, бұл жұмыстарды өз есебінен аяқтауға міндетті.
*****
Қатардағы әлем чемпионатына келсек. Бүгін сағат күндізгі төртте Швейцария мен Камерун арасындағы матч өтеді. Кешкі жетіде Уругвай мен Оңтүстік Корея құрамалары кездеседі. Ал түңгі онда Криштиану Роналду бастаған Португалиялықтар Гана футболшыларымен ойнайды. Бүгінгі футбол мерекесін түнгі бірде Бразилия мен Сербия матчі қорытындылайды.