Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Дипломмен ауылға: Жас мамандарға берілетін жәрдемақы мөлшері өседі

Дипломмен ауылға: Жас мамандарға берілетін жәрдемақы мөлшері өседі

Сенатта ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ауылға баратын жас мамандарға берілетін несие сомасы өсетінін айтты.

«Дипломмен ауылға» жобасы да жалғасып келеді. Біріншіден, ауылға баратын жас мамандарға үй алуға немесе жаңадан үй салуға берілетін несие сомасын өсіреміз деп жоспарлап отырмыз. Ол қазір 1 500 айлық есептік көрсеткішке тең. Енді, аудан орталығына 2 500 АЕК-ке дейін, ауылдар мен кенттер үшін 2 000 АЕК-ке дейін асырмақпыз. Екіншіден, шекараға жақын ауылдарға баратын жас мамандарға көтерме жәрдемақы бар. Қазір ол 100 АЕК болса, соны 200 АЕК-ке дейін өсіреміз», - деді Роман Скляр.

Сондай-ақ, бұл жобаға аудандық маңызы бар қалалар да қосылады.


Фото: stan.kz