Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жаңа ипотекалық бағдарламаны қаржыландыруға қаражат қаралмаған - министрлік

Жаңа ипотекалық бағдарламаны қаржыландыруға қаражат қаралмаған - министрлік

Жаңа баспана алуға ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тетігіне бюджеттен қаражат қарастырылмады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев айтты. 

«Аталған субсидиялау тетігі қарастырылған. Бірақ қазіргі таңда қаражаттың шектеулігіне байланысты, келесі жылға өтінім бердік. Ол өтінім Қаржы министрлігі тарапынан қолдау таппады. Бұл мәселе қаржатқа тіреліп тұр. Атап айтқанда, екінші деңгейлі банктен ипотека алған жағдайда, соның 7 пайызын мемлекет тарапынан жабу мақсатында, сондай-ақ ипотеканың тартымдылығын арттыру үшін осындай тетікті қарастырған болатынбыз. Дегенмен келесі жылға бұл тетік бойынша қаржы қарастырылған жоқ», - деді Е. Дауылбаев Сенаттағы Үкімет отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол қаржы табылса, аталған субсидиялау тетітігі «7-20-25» бағдарламасымен қатар жүретінін нақтылады.

Еске салсақ, биыл шілде айында «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шалапаев ипотеканың жаңа түрі іске қосылуы мүмкін екенін айтқан еді.

Осы орайда екінші деңгейлі банктердің нарықтық ипотекасы бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетігін іске қосу ұсынылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде «7-20-25» бағдарламасы жалғасады.


Фото: egemen.kz