Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жыл басынан бері Қазақстанға қанша қандас оралды?

Жыл басынан бері Қазақстанға қанша қандас оралды?

Жыл басынан бері 15 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. 

"2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 15 637 этникалық қазақ тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 103,5 мың этникалық қазақ оралды", - делінген хабарламада.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (65,2 пайыз) Өзбекстаннан, 9,2 пайыз - Қытайдан, 8,8 пайыз - Ресейден, 8 пайыз - Түрікменстаннан, 4,8 пайыз - Моңғолиядан және 4 пайыз басқа елдерден. 

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,1 пайыз), Маңғыстау (16,3 пайыз), Түркістан (8,7 пайыз) және Жамбыл (6,1 пайыз) облыстарына, сондай-ақ Астана (9 пайыз), Шымкент (6,9 пайыз) және Алматы (5,5 пайыз) қалаларына қоныстанды.

"Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,6 пайызды, еңбекке қабілетті жастан кіші 26,7 пайызды және зейнеткерлер 13,7 пайызды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16 пайызы жоғары білімді, 39 пайызы орта кәсіби білімді, 43,1 пайызы жалпы орта білімді және 1,9 пайызының білімі жоқ", - делінген хабарламада.


Фото: gov.kz