Енді такси жүргізушілері мен курьерлер де салық төлейді

Елімізде такси жүргізушілері мен курьерлер ресми жұмыспен қамтылғандар қатарына жатқызылады.
Бұл туралы Мәжілісте өткен «үкімет сағатында» Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.
"Еңбек нарығы либеризацияланады. Бұл икемді жұмыспен қамтылудың барлық түрін, соның ішінде платформалық жұмысты да тануды білдіреді. Осы мақсатта тәуелсіз жұмыскер, яғни табыс әкелетін, еңбекпен айналысатын, бірақ тиісті уәкілетті органдарда «ресми мемлекеттік тіркеуі жоқ тұлға» ұғымы енгізілген болатын. Егер тәуелсіз жұмыскерлер өз қызметін онлайн платформаларға қосылу немесе жария шарт жасасу арқылы атқаратын болса, онда бұл жұмыскерлер ресми жұмыспен қамтылды деп танылады", - деді министр.
Фото: kznews.kz