Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстандық компания Мәскеудегі сауда орталығын сатып алады - ФМҚҚ

Қазақстандық компания Мәскеудегі сауда орталығын сатып алады - ФМҚҚ

Ресейдің Федералдық монополияға қарсы қызметі (ФМҚҚ) қазақстандық "М Холдинг Лтд" компаниясына америкалық Morgan Stanley қорынан Мәскеудегі "Метрополис" сауда ойын-сауық орталығын сатып алуға рұқсат берді.

"ФМҚҚ "М Холдинг Лтд" компаниясының Мәскеудегі Ленинград шоссесіндегі "Метрополис" сауда орталығын сатып алу туралы өтінішін қанағаттандырды. "М Холдинг Лтд" холдинг қызметін жүргізетін қазақстандық компания. Ведомство мәліметінше, мәміле коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру нарығындағы бәсекелестік жағдайына әсер етпейді", - делінген Ресейдің монополияға қарсы агенттігінің Telegram-каналында.

Мәміленің құны белгісіз.

Айта кетейік, "Метрополис" сауда орталығы 2009 жылы ашылған. Оның жалпы ауданы 209 мың шаршы метр, жалға алынғаны – 82 мың шаршы метр.

Ашық дереккөздерде "М Холдинг Лтд" атауы бар қазақстандық компания туралы ақпарат жоқ. Сонымен қатар, ресейлік контрагенттерді тексеру және талдау қызметтерінде заңды мекенжайы Ижевск қаласында (Удмурт Республикасы, Ресей) орналасқан "М Холдинг Лтд" компаниясы туралы ақпарат бар. Сондай-ақ, бұл ұйым 2016 жылдың желтоқсанында таратылғаны көрсетілген.


Фото: azattyq-ruhy.kz